Лента новостей
0

Тараз мемлекеттік педагогикалық институтына - 50 жыл!

zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 20.10.2017 18:24 Фото: zakon.kz
Бүгін Тараз мемлекеттік педагогикалық институнының 50 жылдық мерей тойына орай біршама іс-шаралар ұйымдастырылды.

Бүгін Тараз мемлекеттік педагогикалық институнының 50 жылдық мерей тойына орай біршама іс-шаралар ұйымдастырылды. Оның ішінде Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары Г.Исімбаеваның, Білім және ғылым министрі Е.Сағадиевтің, Ұлттық академиясының президенті М.Жүріновтың, Жамбыл облысының әкімі К.Көкрекбаевтың және Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры Д.Қожамжарованың қатысуымен ТарМПИ Музейінің, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті атындағы мәжіліс залының, Ректорлар Аллеясының салтанатты ашылу рәсімі және «Болашаққа хат» капсуласын мемориалды тақтайшаның астына бекіту рәсімдері өткізілді.

Сонымен қатар, «Баласағұн» орталық концерт залында «Заманауи білім беру тенденциялары: болашаққа көзқарас» тақырыбында І Халықаралық ғылыми Конгрессі өткізілді. Конгресте облыс әкімі К.Көкірекбаевтың, ҚР Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары Г.Исімбаеваның, ҚР Білім және ғылым министрі Е.Сағадиевтің, Ұлттық ғылым академиясының президенті, химия ғылымдарының докторы, профессор, академик М.Жүріновтың, Қазақстанның Еңбек Ері, ТарМПИ түлегі А.Миразованың, Халықаралық түркі Академиясының президенті, «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ-ның Басқарма төрағасы, ҚР ҰҒА-ның корреспендент-мүшеcі, т.ғ.д., профессор Д.Қыдырәлінің және басқа да шетелдік университет профессорларының құттықтаулары мен баяндамалары тыңдалады. Конгресс соңы «Ұрпақтар сабақтастығы» атты ТарМПИ түлектерінің слеты, сондай-ақ институттың жұлдызды түлектерінің қатысуымен өткен гала-концертке ұласты.

Өз кезегінде институттың өсіп-өркендеуі үшін еңбек еткен, шәкірт тәрбиелеудегі елеулі үлесі үшін «Құрмет» орденімен, «Ы.Алтынсарин», «ҚР Білім беру құрметті қызметкері», «ҚР ғылыми дамуына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен және Жамбыл облысы және Тараз қаласы әкімінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хатымен, облыстық және қалалық мәслихатының Құрмет грамотасымен, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының Құрмет грамотасымен, облыстық Кәсіподақ ұйымының грамотасымен үздік қызметкерлер марапатталды.

Еске сала кетейік, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті мен ҚазССР Жоғарғы Кеңесінің 1967 жылғы 13-мамырдағы №340 Қаулысына сәйкес ҚазССР Жоғары және арнайы орта білім беру министрлігінің №401 бұйрығымен Октябрьдің 50 жылдығы атындағы Жамбыл педагогикалық институты ашылған болатын.

2004 жылдың сәуірінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Қазақстан Республикасы Үкіметінің №128, 2004 жылғы 3-ақпандағы шешімдерін жүзеге асыру туралы» №174, 2004 жылғы 4-наурыздағы бұйрығына сәйкес Тараз мемлекеттік педагогикалық институты болып қайта құрылды.

Бүгінгі таңда ТарМПИ – студенттерінің оқу үдерісін, тұрмыс-тіршілігі мен бос уақытын тиімді ұйымдастыру жағдайында инфрақұрылымы дамыған жоғары оқу орны. Заманауи зертханалармен, лингафонды кабинеттермен, компьютерлік және интернет дәрісханаларымен, интерактивті тақтамен, электронды оқу залдарымен жабдықталған 8 оқу ғимаратында 29 бакалавриат мамандығы бойынша 6 мыңға жуық студент білім алады.

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: