Қостанайда бір жасар сәби бесінші қабаттан құлап кетті

Zakon.kz Zakon.kz
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Бір жыл үш айлық сәби Қостанайдағы қонақ үйлердің бірінде болған оқиға салдарынан көз жұмды, деп жазады sputniknews.kz.

Қайғылы оқиға 21 қазанда болған. Әуелі сәби баспалдақ арасына құлап кетті деп хабарланған еді, бірақ бүгін Қостанай облыстық денсаулық сақтау басқармасы жетекшісінің орынбасары Екатерина Слободенюк сәбидің терезеден құлап түскенін айтты.

"Бала бесінші қабаттан құлап кетті, — деді ол. – Оқиға орнына жедел жәрдем шақырылды. Сәби құлаған уақытта ата-анасы қайда болғаны белгісіз. Ашық бас сүйегі жарақатымен ауруханаға жеткізілген бала сол жерде шетінеп кетті".

Қостанай облысы ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Фото: sputniknews.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
0
КОММЕНТАРИИ
Главная Топ LIVE Все
?
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления