Лента новостей
0

Ақтөбеде бетперде таққандардың телефон сататындарға қатысты тексерісі немен аяқталды?

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 24.10.2017 10:58 Zakon.kz
Ақтөбеліктерді дүрліктірген оқиға өткен сенбіден болды.
Ақтөбеде елді алаңдатқан бетперде киген күш құрылымдарының базар маңында жасаған тексерісіне қатысты ресми ақпарат шықты. Полиция қызметкерлері «Астана» сауда үйінің маңында телефон сататындармен профилактикалық іс-шара жүргізген. Нәтижесінде, бірнеше әкімшілік хаттама толтырылды, деп жазады аktobenews.kz.

«21 қазан күні Ақтөбе қаласының аумағында ұрланған телефондарды тексеруге қатысты профилактикалық шара өтті. Есепке алынған жоғалған заттарға қатысты жүздеген телефонға тексерістер жасалынды. Белгіленбеген орында сауда жасағаны үшін 204-шi баппен 12 адамға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Тұрақты мекен-жайы анықталмаған отыз адам жауапқа тартылды», — деп хабарлайды облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Ақтөбеліктерді дүрліктірген оқиға өткен сенбіден болды. Автобусқа тиеліп, полиция бөлімшесіне жеткізілген телефон сатушылардың барлығы үйлеріне жіберілген.

Фото: aktobenews.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: