Обнаружено блокирование рекламы на сайте

Уважаемые пользователи,

создатели сайта не желают превращать его в свалку рекламы, но для существования нашего сайта необходим показ нескольких баннеров.

просим отнестись с пониманием и добавить zakon.kz в список исключений вашей программы для блокировки рекламы (AdBlock и другие).

Н.Нығматулин әкімшілік құқық бұзушылық туралы: жаза құқық бұзушылыққа сәйкес болуы тиіс

25 октября 2017, 11:37

Түзетулерге сәйкес, атап айтқанда, әкімшілік айыппұл көлемі орта есеппен 30% -ға төмендеуін, сонымен қатар, әкімшілік жаза түрін ескерту ретінде кеңейту қажеттілігі ұсынылды.

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекс жобасын қарауда егер айтарлықтай зиян келтірілмесе, жауапкершіліктен босатуға мүмкіндік беретін норманы мұқият зерделеу қажеттілігі туралы мәселені көтерді, деп хабарлайды zakon.kz.

Бүгін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекске заңнамалық түзетулерді бірінші оқылымда қараған Мәжілістің жалпы отырысы өтті. Шарада депутаттар қолданыстағы Кодекс бойынша егер айтарлықтай зиян келтірілмесе, жауапкершіліктен босатуға мүмкіндік беретін нормаға қатысты баптың жоқтығына назар аударды.

Осы ретте әріптестерін қолдаған Палата Төрағасы Н. Нығматулин жеке кәсіпкер 100 теңге көлемінде лицензиялық алым төлемегені үшін 318 мың теңгеге айыппұл салынғанын тілге тиек етті.

- Сонымен бірге Н.Нығматулин мұндай жағдайлар бірегей емес екенін атап өтті. Сондықтан, әзірлеушілер жұмыс тобымен бірге осы мәселені мұқият қарап, егер зиян келтірілмесе, жауапкершіліктен босатуға мүмкіндік беретін заңжобасын екінші оқылымда қарағанға дейін пысықтау қажеттілігін атап өтті.

- Жаза құқық бұзушылыққа сәйкес болуы тиіс - деді Н.Нығматулин Әділет министріне қаратып.

«Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының жобасы әкімшілік айыппұлдардың мөлшерін төмендетуге, ескерту шараларының қолданыс аясын кеңейтіп, жазалардың түрін пайдалы арнаға бұруға бағытталған.

Жалпы алғанда әкімшілік-деликтілік заңнаманы одан әрі ізгілендіруге негізделген.

Түзетулерге сәйкес, атап айтқанда, әкімшілік айыппұл көлемі орта есеппен 30% -ға төмендеуін, сонымен қатар, әкімшілік жаза түрін ескерту ретінде кеңейту қажеттілігі ұсынылды.


Біздің қазақ тіліндегі жаңалықтар Facebook-та 

Если вы обнаружили ошибку или опечатку – выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите на ссылку сообщить об ошибке.

Комментарии
Загрузка комментариев...
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript или заблокирован сайт http://hypercomments.com
Добавить комментарий
Введите имя
Чтобы увидеть код начните набирать сообщение Введите код из 3 сим-волов, отображенных черным цветом. Язык кода - русский. обновить код
Новости партнеров
Загрузка...
Loading...