Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Оңтүстікте дәрі шөптерді заңсыз жинаған 50 ауғандық ұсталды

Қазіргі таңда заң бұзушыларға қатысты Қазақстан Республикасы әкімшілік-құқық бұзушылық туралы кодексінің 517-бабымен әкімшілік іс қозғалды.

Фото : 26 октября 2017, 13:30
Оңтүстік Қазақстан облысының полицейлері заңсыз дәрілік өсімдік жинаған Ауғанстанның 50 азаматын ұстады. Бұл — Арыс ауданында жүргізілген табиғатты қорғау полицейлері рейдінің нәтижесі, деп хабарлайды otyrar.kz, облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап.

Рейд барысында ферула-дәрілік өсімдіктерді жинаумен айналысқан 51 азамат ұсталған. Полицейлер шетелдіктердің құжаттарын тексеру кезінде ОҚО аумағында еңбек етуге рұқсат қағазы жоқ болып шықты. Тәртіп сақшылары шетелдіктерді Арыс қалалық ішкі істер басқармасына жеткізіп, көші-қон полициясына мән-жайды анықтау үшін тапсырды.

Қазіргі таңда заң бұзушыларға қатысты Қазақстан Республикасы әкімшілік-құқық бұзушылық туралы кодексінің 517-бабымен әкімшілік іс қозғалды. Жинақталған материалдар процессуалды шешім шығару үшін сотқа жолданады.

Фото: otyrar.kz

Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии