Лента новостей
0

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында облыста «Бір сәби – бір ағаш» жобасы басталды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 28.10.2017 14:40 Zakon.kz
Акция барысында Жамбыл облысында барлығы 1017 ағаш түбтері отырғызылды.
Ағымдағы жылдың 28 қазан күні Жамбыл облысының барлық аудандары мен Тараз қаласында Мемлекет Басшысының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындабір мезгілде «Бір сәби – бір ағаш» атты акциясы басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Акцияның мақсаты облыс аумағын жасыл желекке айналдыру, өскелең ұрпақтың бойында туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, Жер Ананы аялауға шақыру, патриотизмді нығайтуға бағытталған.
Акцияны дәстүрлі түрде үнемі жүргізіп отыру жоспарланған.



Жобабарысында арнайы белгіленген орындарда дүниеге сәби әкелген ата-аналармен көпжылдық ағаштар отырғызылып, сол ағаштың паспорттары ата-аналарға берілді.



Жыл өткен сайын бақтың шекарасы кеңейіп, тұрғындардың демалыс орнына айналады деп күтілуде.

Акция барысында Жамбыл облысында барлығы 1017 ағаш түбтері отырғызылды.



Жамбыл облысында жыл басынан бері 18363 сәби дүниеге келді қазан айында 2829 сонғы 3 күнде 172 сәби дүниеге келген.

Дүниеге жаңа келген нәрестеге «Ағаш бұтақтарындай жайқалып өсіп-өнсін» деген ізгі ниет білдіру және мемлекет Басшысының «Егер біздің азаматтарымыз өздерінің ауыл маңдарында, өз үйлерінің айналасына, барлық облыстық, қала орталықтарында жыл сайын ағаш отырғызатын болса, біз жасыл ел құрамыз деген тапсырмасының іске асырылып отырғандығын көреміз.

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: