Лента новостей
0

Азаматтық іс жүргізудегі талап арызды қабылдау, тіркеу және статистикалық есептерді жүргізудегі негізгі іс-әрекеттер

zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 30.10.2017 14:35 Фото: zakon.kz

Азаматтық іс жүргізудегі талап арызды қабылдау, тіркеу және статистикалық есептерді жүргізудегі негізгі іс-әрекеттер

 

 Азаматтық іс жүргізу ең алдымен талап арыз беруден басталады, яғни тапсырылған талап арыздың негізінде судья істі қозғап әрі қарай оны мәні бойынша қарайды. Сондықтан талап арызды дұрыстап заңға сәйкес рәсімдеу маңызды рөл атқарады. Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексының 148-149 баптарында талап арызды рәсімдеу және тапсыру жолдары туралы мәлімет қамтылған.

 Талап қою арызы жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында бірінші сатыдағы сотқа беріледі.

 Талап арыз соттың кіріс кеңсесіне тапсырылғаннан кейін кеңсе маманы арызды «Төрелік» АҚ-не тіркейді. Тіркелгендігі туралы талап арыз тапсырған тұлғаға талон беріледі. Тіркелген талап арызды әрі қарай деректері толтырылады, яғни талап арыздың электронды немесе қолма-қол түсуі, іс жүргізу түрі, том саны, арыздың сипаты, келіп түсу тәртібі, өтініш берген кім, берілген талаптың қысқаша мәні, істің санаты, істің санатына қосымша және сот ісін жүргізу тілі туралы мәліметтер енгізіледі. Одан әрі талап қоюлар, оған өндірілуге жататын талап сомасы және сотшығындары (мемлекеттік баж) деректері толтырылады. Сонымен қатар талап арыз бойынша тараптар: талапкер және жауапкер, басқа да іске қатысушы тұлғалар туралы ақпарат енгізіледі. Талап арызды тараптардын ЖСН немесе БСН нөмірлері көрсетілген болса онда осы нөмір арқылы барлық ақпарат Әділет Министірлігінің жеке және заңды тұлғалардың ақпараттар базасынан автоматты түрде тартылады. Барлық деретер толығымен толтырылғаннан кейін талап арыз істерді автоматты бөлу жүйесімен судьяларға бөлінеді. Әрбір судьяның мамандануында істердің санаттары енгізіліп тұрады.

 Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексының 148-149 баптарына сәйкес келмейтін талап арыздар судьяның талап арызды қайтару туралы ұйғарымы негізінде талап арызға қоса тіркелген құжаттармен бірге талапкерге қайтарылады. Уақытты үнемдеу үшін және істі барынша тез уақыт аралығында қарау үшін заң талаптарын сақтай отырып талап арызды рәсімдеген жөн. Қарапайым халық заңи сауаттылықтың болмауына байланысты талап арыз тапсыру кезінде кейбір міндетті болып саналатын деректерді талап арызда көрсетпейді, соның кесірінен олар өз уақыттарын босқа кетіреді, немесе мүлде талап арыз беру мерзімін өткізіп алулары да мүмкін. Осы үшін әдістемелік нұсқаулықтар жасап шығарған дұрыс деп ойлаймын, немесе әрбір сот ғимаратында халыққа тегін кеңес беретін мемлекетпен қамтамасыз етілген заңгерлердің болуы міндетті деп санаймын.

 Судья оған талап арыз келіп түскеннен кейін бес жұмыс күні ішінде оны іс жүргізуіне қабылдайды немесе заң талаптарына сай болмаса қайтарады немесе бас тарту туралы ұйғарым шығарады. Егер сот бұйрығы түсетін болса, судья үш жұмыс күні ішінде сот бұйрығын шығаруы тиіс немесе бас тарту туралы ұйғарым шығарады. Аталған сот актілерін шығарған кейін, сот мәжілісінің хатшылары статистикалық деректерді толтыру үшін арнайы мамандарға түсіреді. Сататистикалық деректерді толтыратын мамандар міндетті түрде сапалы және ұқыпты болуы керек. Себебі, сол толтырылған деректер сот органдарының ақпараттық жүйесіне (СОАЖ) келіп түседі.

 Сот отырысының хатшылары міндетті түрде қаралған істер туралы күнделікті статистикалық есептер жүргізетін мамандарға, қаралтын істер кестесі бойынша ақпарат беріп отыруы тиіс. Судьяның сол күні қаралған істері болса, мамандар кесте бойынша сот актілерін базаға алдын ала белгілеп қояды. Содан кейінгі әрекеттер Қазақстан Республикасының Азаматттық іс жүргізу кодексінде (АІЖК) көрсетілген процессуалдық мерзімдермен есептеледі. Судьялар мен сот отырысының хатшыларының мәліметтерді уақытылы беріп отырса, статистикалық есепте дұрыс көрініс табады.

 Статистикалық есепті жүргізітін мамандардың жұмыстары өте жауапты және міндетті жұмыс. Әрбір ай сайын Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына Статистикалық есеп жіберіп отырады. Сонымен қатар, сатисттердің дайындаған есебін соттар әкімшісінің басшысы қатаң қадағалауы қажет. Себебі, әрбір дұрыс жасалмаған әрекеттер жауапкершілікке әкеліп соғуы мүмкін.

 

Астана қаласы Алматы аудандық

сотының жетекші маманы Шакаримова Ж.

 

 

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: