Лента новостей
0

Ақмола гарнизонындағы 240 әскери қызметшінің отбасылары жаңа қызметтік пәтерлердің кілтін алды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 30.10.2017 18:44 Zakon.kz
ҚР Қарулы Күштерінің 25 жылдығын мерекелеу жылында Астана қ. 40-станциясының әскери қалашығында әскери қызметшілерге салтанатты жағдайда қызметтік пәтерлердің кілтін тапсыру рәсімі өтті.

ҚР Қарулы Күштерінің 25 жылдығын мерекелеу жылында Астана қ. 40-станциясының әскери қалашығында әскери қызметшілерге салтанатты жағдайда қызметтік пәтерлердің кілтін тапсыру рәсімі өтті.

Әскери қызметшілерге арналған екі бес қабатты үйді ҚР Қарулы Күштерінің барлық нысандары құрылысының ұйымдастырылуын жүргізетін «Әскери құрылыс» АҚ бас мердігері салды.


Су жаңа пәтерлердің кілтін ҚР ҚК Құрлық әскерлері бас қолбасшысының бірінші орынбасары генерал-майор Сұлтан Камалетдинов табыстады. Қоныс аударғандарды құттықтап, сөз сөйлеуі барысында ол «әскери қызметшілерді әлеуметтік қорғау мәселесі ҚР ҚК Жоғарғы Бас қолбасшысы мен ҚР Қорғаныс министрінің ұдайы бақылауында екенін атап өтті».


«Бүгін біз жаңа пәтердің кілтіне ие болдық. Менің кеудемді қуаныш сезімі кернеп тұр. Менің ойымша бұл сөзсіз әскери қызмет өткеру үшін жайлылық пен мүмкіндік береді. Бөлмелер кең, жарық, пәтерде барлығы дайын. Жиһаз бен жеке заттарымызды алып келу ғана қалды», - деді салтанатты рәсімде 3-сыныпты сержант Рахат Тұрсынбаев.


Әскери қызметшілерді қызмет атқару орындарында сапалы тұрмыстық жағдаймен қамтамасыз ету бүгінгі таңда айрықша көңіл бөлінетін Қорғаныс министрлігі қызметі бағыттарының бірі болып табылатынын айта кету қажет.

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: