Лента новостей
0

Алматы облысында сексеуіл кесумен айналысқан браконьерлер тобы ұсталды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 01.11.2017 11:39 Zakon.kz
Мемлекеттік инспекторлар Қызыл кітапқа енген өсімдік пен жануарларды қорғау үшін күн сайын бақылау жүргізуде.
Заңды белшесінен басқандар арнайы рейд барысында құрықталды. Мемлекеттік инспекторлар күз мезгілінде мұндай фактілердің шектен тыс артатынын айтып, дабыл қағып отыр. Себебі Қызыл кітапқа енген ағаштарды отаумен қатар балық аулап, жабайы жануарларды атып алатындар да көбейіп тұр екен. Бұл туралы Хабар 24 арнасы хабарлайды.

Қазір Алматы облысының аумағы жерден және әуеден бақылануда. Мемлекеттік инспекторлар мінген тікұшақты байқап қалған мына азамат жүк көлігіндегі заңсыз кесілген сексеуілді жасырып үлгермеді. Балатопар ауылы тұрғынының атына хаттама толтырылып, ісі құзырлы органдарға жолданды.

Айта кетейік, аталған факті бойынша, ҚР қылмыстық кодексінің 341 бабына сәйкес азаматқа сексеуілді заңсыз кескені үшін 300 айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі айыппұл салынуы мүмкін. Жалпы жыл басынан бері Алматы облысы бойынша 800-ден аса рейд жүргізіліп, 700-ге жуық ағаш кесу, балық және аң аулау фактісі тіркелген.

– Заңсыз жолмен балық аулау фактісі тіркелді. Яғни балықтарды улау немесе электр кернеуімен жансыздандыру арқылы балық аулағандар ұсталып, қылмыстық іс қозғалды. Екі факті бойынша үш жылға шартты түрде бас бостындығынан айыру жазасы кесілді, - дейді облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бөлім жетекшісі Ринат Кумашев.

Елімізде 2019 жылға дейін сексеуілді рұқсатсыз кесуге тыйым салынған. Мемлекеттік инспекторлар браконьерлердің жолын кесіп, Қызыл кітапқа енген өсімдік пен жануарларды қорғау үшін күн сайын бақылау жүргізуде.

Авторлары: Аршын Кемелжан, Кенже Амраев

Фото: 24.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: