Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

ОҚО өнеркәсіп орындары 510 млрд теңгенің өнімін өндірді

Оңтүстік өңірде кәсіпкерлікті қолдау мақсатында индустриялды-инновациялық даму бағдарламасы сәтті жүргізіліп жатыр

Фото : 1 ноября 2017, 12:24

Оңтүстік Қазақстан облысындағы өнеркәсіп орындары 510 млрд теңгенің өнімін өндірді. Бұл туралы облыстық кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және туризм басқармасының басшысы Батырхан Құрмансейіт мәлімдеді, - деп жазады Otyrar.kz.

Спикер мемлекет басшысының 5 институционалды реформасын жүзеге асыруға бағытталған «100 нақты қадам» ұлт жоспарының 3-бағытында көрсетілген индустрияландыру бойынша және даму үдерісі сақталған маңызды әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер туралы баяндады.

Басқарма басшысының мәліметінше, биылғы сегіз айда облыстағы өнеркәсіп кәсіпорындары 510,1 млрд теңгенің өнімін өндірген. Оның ішінде өңдеу өнеркәсібімен 353 млрд теңгенің өнімі өндірілді7

Сонымен қатар, өңірде кәсіпкерлікті қолдау мақсатында индустриялды-инновациялық даму бағдарламасы сәтті жүргізіліп жатыр деді басқарма басшысы.

ОҚО өнеркәсіп орындары 510 млрд теңгенің өнімін өндірді

— Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде 2015-2019 жылдары кәсіпкерлікті қолдау картасы бойынша құны 1,2 трлн теңгеге 17,5 мыңнан астам жұмыс орнын құрайтын 135 жобаны іске асыру жоспарланған. Бүгінгі таңда мемлекеттік бағдарламаның аясында 47,7 млрд теңгені құрайтын 49 жоба іске асырылды. Онда 1900-ден астам тұрақты жұмыс орны ашылды. 2017 жылы 37 млрд теңгенi құрайтын 17 жобаны іске қосу көзделген. Есепті кезеңде құны 2,3 млрд теңгені құрайтын 5 жоба іске қосылды, — деді басқарма басшысы.

Жалпы жылдың соңына дейін 34,7 млрд теңгені құрайтын 12 жоба іске қосылады. Бүгінгі таңда іске қосылған жобалардың 94%-ы жоспарлық қуаттылықты игеріп, 71 млрд теңгенің өнімін өндірді. Өңдеу өнеркәсібіндегі үлесі 21 пайызға жеткен.

Батырхан Құрмансейіт бұдан бөлек «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында жалпы инвестиция сомасы 34,3 млрд теңгені құрайтын 10 жоба жүзеге асырылғанын атап өтті. Яғни бұл кәсіпорындар 22,7 млрд теңгенің өнімін өндірсе, тауарлар Германия, Англия, Корея, Түркия, Ресей сынды 15-тен астам елге экспортталған. Аталған аймақта жыл соңында жалпы инвестиция көлемі 2,6 млрд теңге құрайтын 3 жоба іске қосылады деп күтілуде.

Фото: Otyrar.kz.


Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии