Лента новостей
0

Шымбұлақ тау-шаңғы курорты биыл мерзімінен бұрын ашылады

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 01.11.2017 15:33 Zakon.kz
Шымбұлақ шатқалындағы сырғанақ биыл 17-ші қарашада іске қосылады.
Шымбұлақ тау-шаңғы курорты биыл мерзімінен бұрын ашылады. Бұл туралы Алматы арнасы хабарлайды.

Шатқалындағы сырғанақ 17-ші қарашадан бастап іске қосылады. Мамандар, «Солтүстік Талғар» трассасына жасанды қар төгеміз деп отыр. Сонымен қатар, қауіпсіздік шаралары да қатаңдатылған. Одан өзге спорт кешенінде әуесқойларға арналған жаңа жол ашылмақ. Онда, кез келген адам кәсіби нұсқаушыдан дәріс алып, шыңдала алады.

«Біз сырғанау жолдарын кезекпен аша береміз. Өйткені, тұрғындар шаңғы мен сноуборд тебуді сағынып қалды. Бағасына келетін болсақ, ол өзгермейді. Былтырғыдай болып қалады. Сонымен қатар, біз төтеншеліктермен бірігіп қар көшкіні кезде оны ұстап қалатын қоршаулар орнаттық. Сондай-ақ, Алматы қалалық әкімдігінің қаржыландыруымен 100 нұсқаушы дайындалатын болады. Олар, келушілерді қауіпсіздік ережелерімен таныстырып, шаңғымен сырғанауды үйретеді», - деді «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортының бас директоры, Тимур Хаиров.

Фото: kazakhstan.travel
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: