Лента новостей
0

КешYou тобының жаңа бейнебаяны сынға ұшырады

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 01.11.2017 16:36 Zakon.kz
КешYou тобының "Махаббат баяны" атты жаңа бейнебаяны жарыққа шықты.
Бір оқпен екі қоянды өлтіремін! Атышулы продюсер бұл жолы да бұрынғы әдетінен жаңылған жоқ. Баян Мақсатқызы “Қозы Көрпеш – Баян Сұлу” кинокартинасын таспалап, аталған фильмнің саундтрегін КешYou тобының еншісіне қалдырды. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Гелзбенд “Махаббат баяны” атты бейнебаянын ұсынды. Ұлттық нақыштағы киім мен қазақтың сайын даласын көрсетуге тырысқан режиссердің шеберлігін желідегілер оңды бағалады. Алайда тыңдармандардың басым бөлігі ән мәтініне шүйлікті.

“Қай жерінде кім айтып тұр, түсініксіз”, “Өлеңнің сөздері ұйқаспайды ғой”, “Түсініксіз ән мәтіні, клип әдемі сөз жоқ, бірақ ән онша емес. 1 рет тыңдауға болатын ән екен”, – дейді тыңдармандар.

Айта кетейік, әдеттегідей Мақсатқызының фильмінде әншілер де бой көрсетті. Атап айтатын болсақ, жаңа туындыда Қозының рөлін “Алау” тобының әншісі Ержан Мұқатаев, ал Баян Сұлуды жас актриса Гүлзада Тұрлаш сомдады.

Фото: Stan.kz.

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: