Лента новостей
0

Алматы облысының халық саны 2 миллионнан асты

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 01.11.2017 17:57 Zakon.kz
Алматы облысының әкімі Жетісу жерінде халық саны 2 миллионнан асқанын айтып қуантты.
Алматы облысы ауыл шаруашылығының өнім көрсеткіші бойынша көш бастап тұр, - деп хабарлады Хабар 24.

Өңірде барлық салалар бойынша даму қарқыны байқалады. Бүгін өңір басшысы Астанадағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингіне қатысып, биылғы жылы атқарылған жұмыс барысы жайлы баяндады. Жетісу жерінде халық саны 2 миллионнан асқанын айтып қуантты.

Биыл 9 айда Алматы облысында 540 млрд теңгенің өнімі өндірілді. Барлық салалар бойынша даму қарқыны жаман емес. Жыл соңына дейін индустрияландыру картасы аясында 7 инвестициялық жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Бастысы, бұл кәсіпорындар 1,5 мың жұмыс орнын құруға септігін тигізбек. Бұдан бөлек биыл 611 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі. Амандық Баталовтың сөзіне қарағанда, аймақта шешімін таппаған мәселе жоқ. Бірақ жуырдағы жанжал әлі ұмытыла қоймады. Талдықорған әкімінің бұрынғы орынбасары Асқар Тұтыбаев пен субсидия сұрап барған кәсіпкер жаға жыртысып, іс сотқа дейін жетті. Осы жайттан кейін мемлекеттік қызметкер жұмысынан қуылды. Бірақ оның орнына келген Әсет Шаяхметов қызметке тағайындалмай жатып пара алды деген күдікпен ұсталды. Қарамағындағылардың бірінен соң бірі істі болғанына өңір басшысы жауап қатты.

- Жаңағы жағдай, өкінішке қарай, жақсы емес. Ондай жағдай болды. Ол жігіт орынбасардың орнына тағайындап, 3-4 күн болды ма жұмыс істегеніне. Арнайы тексеріс болады, содан өткен жоқ. Енді органдар өзінің шешімін қабылдап, бізге айтады. Содан кейін шешім қабылдаймын деп ойлаймын, - деді Алматы облысының әкімі Амандық Баталов.

Енді тозығы жеткен мектептердің мәселесіне ойыссақ. Өңірде мұндай білім ошақтары түбегейлі жойылғанымен, 3 ауысымды оқыту жүйесі әлі күнге дейін шешілмеген. Биыл облыста 44 мектеп салынды. Бірақ жаңа оқу жылында 46 мың бала бірінші сыныпқа барған. Сондай-ақ жыл соңына дейін шамамен 100 балабақша пайдалануға берілмек. Құрылысы тез арада аяқталған білім мекемелерінің сапасына Амандық Баталов «алаңдауға негіз жоқ» деп сендірді. Құрылыстың жай-күйін жақсы білетін әкім нысандарды қатаң тексеретінін айтты. Бұл ретте журналистер Алакөлдің Алматы облысына қарасты аймағында тиісті инфрақұрылымның жасалмағанын айтып сынады. Бірақ әкімнің өз жауабы бар.

- Мен сіздің айтқаныңызбен келіспеймін. Біз 2-3 жыл ішінде 2,9 млрд теңге қостық. Әуежай салдық. Жолдар мына көшеден кем емес. Үкіметке шығып, ҚТЖ-ға шығып, қазір теміржол вокзалын салып жатырмыз, су құбырын салып бердік. Өткен жылы аурухана салып бердік. Қазір барсаңыз, таң қаласыз, - дейді Алматы облысының әкімі Амандық Баталов.

Ауыл шаруашылығының өнім көрсеткіші бойынша да Алматы облысы көш бастап тұр. Азық-түлік бағасын реттеу керек екенін алға тартқан облыс басшысы өңірде бөлшек сауда орталығы ашылатынын айтты. Сонда өнімдер делдалсыз бірден дүкен сөрелеріне жеткізіледі. Жобаны ирандық компания іске асырмақ. Инвестицияны да солар құяды. Тек жер телімін берсек болғаны. Егер жоспар жүзеге асса, орталық келер жылы іске қосылады. Сондай-ақ өңір басшысы қант қызылшасын да сөз етті. Биыл 35 мың тонна қант алу жоспарланып отыр. Бірақ еліміздің бұл өнімге деген жылдық сұранысы 500 мың тоннаға дейін жетеді. Алайда аймақ оның тек 20%-ын ғана қамтамасыз ете алады. Сөз соңында Амандық Баталов үздік әкімдердің рейтингінде үнемі алдыңғы қатардан көрінсе де, оған қызықпайтынын айтты.

Авторлары: Назерке Әбдірахманқызы, Ғани Алшынбаев

Фото: 24.kz


Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: