Головкиннің рингке қашан оралатыны белгілі болды
Zakon.kz
Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің жекпе-жегі көктемде өтеді деп жоспарлануда.
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (37-0-1, 33 КО) промоутері Том Леффлер мексикалық боксшы Сауль Альвареспен (49-1-2, 34 КО) реванш мамыр айында өтеді деп сенеді. Бұл туралы ҚазАқпарат агенттігі Sports.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
«Реванш туралы келісімге оңай келеміз деп ойлаймын. Геннадий жекпе-жекке дайын, ол чемпион. Дәл сол сияқты «Канело» да жеңімпаз болғысы келеді. Егер реванш болса, онда ол 5 мамырда болуы тиіс. Егер спорттық бәсекені дәл осы мерзімде өткізуге мүмкіндік болмаса, онда біз HBO-мен Геннадийдің наурыз немесе сәуір айларында бәсекеге түсуі туралы айтатын боламыз»,- деді Леффлер The Ring-ке берген сұхбатында.
Фото: Inform.kz
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript