Лента новостей
0

Жапонияда темекі тартпайтын қызметкерлердің демалыс күні ұзартылды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 02.11.2017 12:26 Zakon.kz
Өйткені темекі шекпейтін қызметкерлер күні бойы 15 минуттық үзіліске шықпайды екен.
Токиодағы Piala Inc. маркетингтік компаниясы темекі шекпейтін қызметкерлерге қосымша демалыс күнін береді, - деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі life.ru-ға сілтеме жасап.

Өйткені темекі шекпейтін қызметкерлер күні бойы 15 минуттық үзіліске шықпайды. Осылайша компания басшысы темекі шегетін адамдар бұл зиянды әрекеттен бас тартатынына сенім білдірген.

Жұмыстағы мұндай әділетсіздік туралы Piala Inc. бас директорына темекі шекпейтін қызметшісі келіп айтқан. Компания басшысы, қызметшінің өтінішін қарастыра келе, қызметкерлердің айтып отырғандары негізді екеніне көз жеткізген. Фирманың офисі 29-қабатта орналасқан. Ал темекі шегетін орын 1-қабатта. Сол үшін шылым тартатын адам бір темекі шегіп келуі үшін 15 минут уақытын жұмсайды екен.

Компания басшылығы қызметшілерді зиянды әдеттен бас тартқызып, ынталандыру үшін темекі шекпейтін қызметкерлердің демалыс уақытына қосымша 6 күн қосып беретін болып шешті. Компанияның 120 қызметкерінің 30-ы бұл ұсынысты пайдаланып, демалысқа шыққан. Сонымен қатар тағы 4 қызметкер темекіден бас тартқан.

«Мен қызметкерлерді айыппұл салып емес, ынталандыру арқылы темекіден бас тартуға көндіргім келеді», - дейді Piala Inc. компания басшысы Такао Асука.

Фото: Baq.kz.
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: