Лента новостей
0

Путин Тегеранда ядролық келісім мен Сирия мәселесін талқылады

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 02.11.2017 12:42 Zakon.kz
Путин Сирия мәселесінде Иранмен ынтымақтастықты құптайтынын білдірді.
Ресей президенті Владимир Путин Тегеранға жасаған ресми сапарында 2015 жылы Иранның алты державамен жасаған ядролық келісімін қолдайтынын мәлімдеп, Сирия мәселесінде Иранмен ынтымақтастықты құптайтынын білдірді, - деп жазады Азаттық.

Путин Тегеранға 1 қарашада Ресей, Әзербайжан және Иран басшылары арасындағы сауда, транспорт және энергетика салаларындағы ынтымақтастық мәселесін талқылайтын келіссөзге қатысу үшін барған.

Бірақ Путиннің Иран президенті Хассан Роуханимен және рухани көсем аятолла Әли Хаменеимен арасындағы келіссөзінде Иран мен әлемдік державалар арасында жасалған ядролық келісім және Сириядағы азаматтық соғыс мәселесі де қозғалды.

Тегеранның ядролық бағдарламасын тоқтатып, есесіне Иранға салынған халықаралық санкцияларды жеңілдеткен келісімге қол қойғандардың бірі - Ресей. АҚШ президенті Дональд Трамп өткен айда Иранмен жасалған бұл келісімдегі "елеулі кемшіліктер" түзелмесе, оны қабылдаудан бас тартатынын мәлімдеген. Еуропа Одағы мен келісімге қатысқан басқа да елдер - Ресей, Ұлыбритания, Қытай, Франция мен Германия Трампты АҚШ-ты келісімнен шығармауға шақырған.

Аятолла Әли Хаменеи кеңсесінің мәлімдеуінше, Путин Хаменеиге Мәскеудің ядролық келісімге бір жақты түрде өзгеріс енгізуіне қарсы шығатынын айтқан. Сирия туралы айтқан Путин Иранмен бұл мәселедегі ынтымақтастықты "өте нәтижелі" деп бағалаған. Путиннің сөзінше, Мәскеу мен Тегеран "Сирия мәселесінде ұстанымдарын үйлестіре алып отыр".

Фото: Азаттық
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: