Обнаружено блокирование рекламы на сайте

Уважаемые пользователи,

создатели сайта не желают превращать его в свалку рекламы, но для существования нашего сайта необходим показ нескольких баннеров.

просим отнестись с пониманием и добавить zakon.kz в список исключений вашей программы для блокировки рекламы (AdBlock и другие).

ШҚО-да үйлер жарға құлағалы тұр

2 ноября 2017, 12:47

Үйлер мен жарқабақтың арасын бір-екі, бес -алты метр жер ғана бөліп жатыр.

Күршімдегі Ақсуаттық ауылының еңсесін басып тұрған тағы бір үлкен мәселенің салмағы тіптен батпандай. 2012 жылдан бері көл суы көтеріліп, жағаны шайып, ауыл үйлеріне жақындап келеді. Көлдің асау толқындарына шыдас бермеген жағалаудың жарқабақтары опырылып құлап, жағадағы үйлер суға кетудің аз-ақ алдында тұр. Жағалауда тұрған Мейірбаев көшесінің он үйі әне-міне дегенше-ақ суға кетіп қалуы мүмкін, деп жазады altaynews.kz.

Жағадағы тағы да 10 үйге осындай қауіп-қатер төніп тұр. Тиісті органдардан қанша рет комиссия келіп, зерттеп кеткенімен, бір шешімін айтпаған. Асау толқындар жарқабақты ұрған кезде, үйдің қабырғасы қоса дірілдеп кететінін қайтерсіз. Екпіні қатты толқынға сәл де болса тосқауыл қою үшін тұрғындар жағалаудың бойына ескі көліктердің қаңқасын тастап, жарқабақтардың құламауына қолдан келгенше кедергілер жасап бағуда. Бірақ көлдің жойқын күші олардың өзін де жан-жаққа лақтырып, бұйым құрлы көрмей тұр.

Қыркүйекте балықшылар ауылына барған біздің алдымыздан осындай күй кешіп, шарасыз отырған ауылдың еңкейген кәрісі мен еңбектеген баласына дейін шығып, аудан басшылығына жыл сайын көрсетіп жеткізе алмай келе жатқан проблемаларын тауқыметтерін тағы да таусыла айтып, жақтарын талдырды.

Осыдан үш -төрт жыл бұрын осы ауылдағы жарқабақпен бірге көлге құлап түскен баспаналардың орнына төрт үй салынған болатын. Бастапқыда алты үй салынады деп жобаланып, ақыр аяғында төрт үй ғана салыныпты. Екеуінің іргетасы құйылған қалпы салынбай қалған. Қалғандарын «кейін көреміз» деп қалдырып, арты осындай жағдайға жетіпті. Қазіргі күні жағалауда тұрған алты үйге үлкен қауіп төніп тұр. Қабырғасы сөгіліп, төбесі жарылып кеткен бұл баспаналардың дәл қай күні опырылып құлап, үйіндіге айналатынын ешкім де білмейді. Білмеген соң, білсе де, амалы болмаған соң, ауыл тұрғындары жандарын шүберекке түйіп, дірілдеп тұрған сол баспаналарда тұрып жатыр.

-Үйлер мен жарқабақтың арасын бір-екі, бес -алты метр жер ғана бөліп жатыр. Құмдауыт жағалаудағы биік-биік жарқабақ асау толқын соққан сайын, үгітіліп, гүрс-гүрс етіп көлге құлап, көл суы үйлердің ауласына қарай күн санап жылжып келеді. Жаздай су сіңіп алған биіктігі жеті-сегіз метрлік жарқабақтар қыстың аязында өзінен-өзі қақырап, құлап жатады. Комиссия әлденеше рет келіп тексеріп, белгі де қойып кеткен. Жардың шеті қазір сол белгілерден асып барады. Асты үңірейіп қалған жардың жанынан жүру де қауіпті. Жар шетіне келіп қалған бұзаулардың суға құлап өлген жағдайлары жиілеп кетті,-дейді ауыл тұрғыны, ұстаз Мақсұт Егінбаев.

Сазаны тулап, құстары шулап жатқан Зайсанның тегеурінді толқыны тағы да жарды ұрып, аласұрып жатыр. Құм суырып, гуілдеген қара жел жұлқи тартып, алға бастырар емес тіпті.

Балық аулап, ата кәсібімен айналысып жатқан Ақсуат ауылы тұрғындарының үрейін алып, берекесін кетірген күрмеулі мәселелер қашан шешімін таппақ?

Фото: altaynews.kz

Біздің қазақ тіліндегі жаңалықтар Facebook-та 

Если вы обнаружили ошибку или опечатку – выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите на ссылку сообщить об ошибке.

Комментарии
Загрузка комментариев...
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript или заблокирован сайт http://hypercomments.com
Добавить комментарий
Введите имя
Чтобы увидеть код начните набирать сообщение Введите код из 3 сим-волов, отображенных черным цветом. Язык кода - русский. обновить код
Новости партнеров
Загрузка...
Loading...