Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Илья Ильиннің анасы: Ұлымнан мұндай қылық күтпеген едім

Галина Ильина бұрынғы келіні Наташамен өте жақсы араласатынын айтты.

Фото : 2 ноября 2017, 14:55
Ауыр атлет Илья Ильин ұзақ үзілістен соң бірінші рет көлемді сұхбат беріп, әйелімен ажырасқанын мәлімдеді. Спортшының анасы Галина Ильина ұлынан бұндай қылық күтпеген, деп хабарлайды Today.kz "Время" газетіне сілтеме жасап.

"Бұл мақаланы кеше оқып, қатты көңілім түсіп кетті, өйткені Ильяға бұны бәріне жариялаудың қажеті жоқ екенін бірнеше рет айтқан едім. Бірақ қазіргі жастар сондай ғой, бізді, ата-аналарын тыңдамайды. Мен тіпті, анама, Ильяның әжесіне күні кешеге дейін ештеңе айтқан жоқпын", - деді атлеттің анасы.

Ильина не үшін баласы мен келінінің ажырасқанын өзінше болжады.

"Меніңше болған оқиғаға кінәлі - Наташа мен Ильяның өміріне қауіпті жағдай туғызған допинг дауы. Адам қиналып жүргенде әрбір сөзді ауыр қабылдайды. Соңына дейін қарым-қатынастары жақсарар деп үміттендім. Жақын адамдар, достар мен көршілер екеуінің екі жаққа кеткендерін іштерінен біліп жүрді", - деді спортшының анасы.

Оның сөзінше, ерлі-зайыпты арасында соңғы ұрыс 2017 жылдың қарсаңында болған. Сол кезде Ильиннің жұбайы қызы Милананы алып, Жаңа жылды қарсылауға Павлодарға кетіп қалған. Қаңтардың бірі күні спортшы ажырасуға арыз берген. Қазір ол Астанада ата-анасымен бірге тұрады, ал бұрынғы әйелі бөлек, төрт бөлмелі жаңа тұрғын үйде тұрып жатыр. Бұл үйде тұруды спортшылар көптен бері армандаған.

"Үйіміз жақын, сондықтан бұрынғы келінім мен немеремді үнемі көріп тұрамын. Наташамен арамыз өте жақсы, бұрын да сондай болған. Ол жаттығуға немесе сайыстарға кеткенде Милана үнемі бізбен бірге қалады. Илья да қызын қатты жақсы көреді, көп уақытын бірге өткізеді, Милананы "Мирас" мектебіне сабағына апарады. Балаларым ресми түрде ажырасса да, үнемі біргеміз, бәрі жақсы болып кететініне сенгім келеді", - деді Галина Ильина.

Фото: today.kz

Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии