Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Еуропа лигасының матчында "Астана" футбол клубы «Маккабиді» ұтты

Еуропа лигасының топтық кезеңінде "Астана" футбол клубы жеңіске жетті.

Фото : 3 ноября 2017, 09:03
УЕФА Еуропа лигасы топтық кезеңінің 4-турында Тель-Авивтің «Маккаби» командасымен сырт алаңда ойнаған «Астана» футбол клубы жеңіске жетті, - деп хабарлайды Zakon.kz.

Бірінші таймды «Астана» екінші нөмірмен өткізуге мәжбүр болды. Кей сәттерде мұның аяғы біздің қақпамызға гол соғылуымен аяқталатындай көрінді. Бірақ толассыз шабуылдаған алаң иелерінің шала-шарпы ойыны, дәл соққы бағыттай алмауы, сондай-ақ тәжірибелі голкипер Ненад Эричтің тамаша сейвтері қақпамызды голдан сақтап қалды.

Екінші таймды да тель-авивтіктер бастырмалата шабуыл ұйымдастырумен бастады. Бірақ алғашқы он минут аяқталған бетте шабуылға дүрсе қоя берген «Астананың» қарқынына израильдіктер төзе алмады. 56-57 минуттарда елордалық ұжым бір минут ішінде қатарынан екі гол соқты. Әттеген-айы, польшалық төрешілер тобы алғашқы голды оффсайдтан соғылғанын айтып, тіркемей қойды. Дереу жоспарлы шабуыл ұйымдастырған «Астананың» келесі комбинациясына алаң иелері тойтарыс бере алмай, Абзал Бейсебековтен пас алған Патрик Твумаси есеп ашты.

«Астана» ел үмітін ақтап, қақпасына гол соққызбай, жеңіспен оралды.

«Астана» 4 ойыннан кейін 7 ұпай жинап, екінші орынға көтерілді. Үшінші орында 5 ұпаймен «Славия» келеді, ал соңғы орында қалған «Маккабиде» небәрі 1 ұпай бар.

Фото: Getty Images

Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии