Лента новостей
0

Төрт ай жалақы алмаған "Ордабасы" футболшылары жаттығудан бас тартты

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 03.11.2017 10:29 Zakon.kz
Төрт айдан бері еңбек ақыларын ала алмай шыдамдары таусылған команда ойышылары наразылық танытты.
Ордабасы футбол командасының ойыншылары жалақыларын 4 айдан бері ала аламай сенделіп жүр. Шыдамы таусылған Ордабасы футболшылары бүгін кезекті жаттығуларына шықпай қалды. Ал, мәселені ушықтырмауға тырысқан команданың бас бапкері жалақыны осы айда болатынын айтып сендірді, - деп хабарлайды kk.tvk-uko.kz

4 айдан бері еңбек ақыларын ала алмай шыдамдары таусылған команда ойышылары бүгін наразылық танытты. Айлықтарын ала алмай салы суға кеткен футболшылар тіпті жаттығуға да шықпай қойды. Қарашаның бесі күні Оқжетпес қомандасымен сайысатын оларды жаттығудан гөрі ақша жағы алаңдатып тұр.

– “Біз жаттығудан бас тарттық. Барлығы біледі біз 4 айдан бері жалақысыз жүрміз”, - дейді Ордабасы командасының қақпашысы Алмат Бекбаев.

Ал, бас бапкер болса айлықтың кешігу себебін қажетті қаражатты дұрыс есептей алмағандарынан көріп отыр. Сөзіне сенсек мәселе қараша айында шешіледі.



– “Жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін командаға көптеген легионерлерді алдық. Соның салдарынан клубтың шығындарын дұрыс жоспарлай алмадық. Нәтижесінде ойыншылардың жалақысы сәл кешігіп жатыр. Мәселе қараша айында шешімін табады”, - деді Ордабасы ФК бас бапкері Бақтияр Байсейітов.

Футболшылар бұл уәдені кезекті алдаусырату деп түсінеді.

–“Жаттығуға шығыңдар деді, бізге айлық екінші қарашада түседі деген. Тағы жоқ. біз сенбейміз. Жалақыны алдағы болатын ойынға дейін тағы күте тұруға тура келеді”, - дейді Ордабасы командасының қақпашысы Алмат Бекбаев.

Бас бапкер ойыншыларымен бір сағатқа жуық оңаша жиналыс өткізді. Алайда ұзақ әңгіме нәтижесіз болса керек, футболшылар жиыннан шыға сала жаттығуға емес үйді үйлеріне тарқасты.

Фото/Видео: kk.tvk-uko.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: