Лента новостей
0

Назарбаев: "Нұр Отан" партиясын жаңғырту керек

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 03.11.2017 12:12 Zakon.kz
Партия халықпен тығыз байланыста жұмыс істейді және мәселелерді үнемі бақылауда ұстайды - Президент.
"Нұр Отан" партиясының Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Нұр Отанды" жаңғырту қажет екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

«Биыл «Нұр Отан» партиясының құрылғанына 18 жыл болады. Бұл адам өмiрiнiң өлшемiндегi алғашқы кәмелеттiк жас болып саналатынын бiлесiздер. Осы уақыт iшiнде партиямыз шынығып, шыңдалып, елiмiздегi ең үлкен саяси күшке айналғаны белгiлi. Құрылған күннен бастап ол барлық елдiк iстiң басы-қасында келе жатыр. Халқымыздың береке-бiрлiгiнiң артуына, бiздiң саяси тұрақтылығымыздың нығаюына, экономикалық реформаларды табысты iске асыру үшiн атсалысып келе жатқан бiрден бiр саяси ұйым, - деді Президент.

Сонымен қоса, Мемлекет басшысы партияның халықпен тікелей байланыста жұмыс істеп, жылдам шешілуі тиіс мәселелерді бақылауда ұстайтынын айтып кетті.

"Оған өткен сайлаулардағы елдiң зор сенiмi айқын дәлел. Сол сайлауларда белсендi қатысқан бiздiң партия мүшелерiнiң iстеген шаруасы, жергiлiктi ұйымдардың жасаған жұмысы, халықтың бiздiң жүргiзiп отырған саясатқа сенiп, бiрыңғай дауыс бергенiн бiз көрiп отырмыз. Партия болашақта да елмен етене болып, халыққа қалтықсыз қызмет етудi жалғастыра бередi деп сенемiз. Алдымызда көп шаруалар бар. Қажеттi бағдарламалардың барлығы қабылданды», - дедi Назарбаев.

Мемлекет басшысының айтуынша, қазiр дүниежүзi ғылыми-техникалық даму сияқты жаңа жолға түсiп отырған кезде, елiмiздiң де алға қойған мақсаттары аз емес. Сондықтан, осының барлығына партия басшы болып, жергiлiктi жерлерде саясатты түсiндiруi қажет.

Фото: inform.kz.
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: