Обнаружено блокирование рекламы на сайте

Уважаемые пользователи,

создатели сайта не желают превращать его в свалку рекламы, но для существования нашего сайта необходим показ нескольких баннеров.

просим отнестись с пониманием и добавить zakon.kz в список исключений вашей программы для блокировки рекламы (AdBlock и другие).

Аң-құсты заңсыз аулағандардың жолы кесілді

3 ноября 2017, 14:58

Аң-құс атып, балық аулау біреуге кәсіп, енді біреуге ермек.

Қазір аңшылық маусымының қызған шағы. Аң-құсты оңды-солды қыратындар заңға пысқырып та қарамайды. Алматы облысында жыл басынан бері 700-ден астам заңбұзушылық тіркелген. Негізінен балық және аң аулау фактілері жиілеген. Осындай жайттардың алдын алу үшін табиғат қорғаушылар әуе рейдін ұйымдастырды, деп жазады QAZAQSTAN Ұлттық телеарнасы.

Құрақсу көлдер жүйесі - табиғат ананың аңшыларға сыйлаған тамаша тартуы. Себебі, бұл жер аң-құсқа және балыққа бай өңір. Әуе рейдінің алғашқы күнінде табиғат қорғаушыларына кездескен азаматтардың құжаттары дұрыс, аң-құс атуға лицензиясы бар екен. Тек қайықтағы балықшылар тыйым салынған ау қолданғанын мойындамай әлек қылды.

Мамандардың бұлтартпас дәлелі болғандықтан, балықшылар өз кінәсін мойындады. Олардың резеңке қайығы тәркіленді. Әрбір азамат қармақпен бес келі балық аулауына болады. Алайда, сол бес келіні қанағат тұтпағандар өзен-көлдерге рұқсатсыз ау құрады. Мемлекеттік инспектор сондай аулардың бәрін жинап келді.

Мұндай арзан аулардың қоршаған ортаға тигізер зияны орасан. Суда балық та, құс та шырмалып қалады. Полипропиленнен жасалғандықтан, шірімей ұзақ жылдар жата береді. Екінші күні табиғат қорғаушылары Алакөл көлдер жүйесі мен Жоңғар Алатауының сілемдерін бір сүзіп өтті. Айдын жағасында емін-еркін құс атуға шыққан топтың мылтықтары құжатсыз болып шықты.

Сондай-ақ, қару сақтау ережесін сақтамаған. Егер бұл азаматтар қаруларының құжатын тауып бермесе, оларға заңсыз қару-жарақ сақтағаны үшін қылмыстық іс қозғалуы мүмкін.

Ринат Қумашев, мемлекеттік инспектор:

- Жыл басынан шамамен 700 табиғат заң бұзушылығы анықталды. Оның ішінде 500-і балық аулау ережесін бұзғаны үшін. Сондай-ақ, 200-і аң және орман заңын бұзғаны үшін.

Аң-құс атып, балық аулау біреуге кәсіп, енді біреуге ермек. «Дәл сол ермек қуғандар табиғатқа орасан нұқсан келтіруде», - дейді мамандар. Тәртіпке бағынбағандарды тезге салу үшін осындай рейдтік шаралар жиі ұйымдастырылмақ.

Қуаныш Қанатұлы

Фото: ytimg.com

Біздің қазақ тіліндегі жаңалықтар Facebook-та 

Если вы обнаружили ошибку или опечатку – выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите на ссылку сообщить об ошибке.

Комментарии
Загрузка комментариев...
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript или заблокирован сайт http://hypercomments.com
Добавить комментарий
Введите имя
Чтобы увидеть код начните набирать сообщение Введите код из 3 сим-волов, отображенных черным цветом. Язык кода - русский. обновить код
Новости партнеров
Загрузка...
Loading...