Обнаружено блокирование рекламы на сайте

Уважаемые пользователи,

создатели сайта не желают превращать его в свалку рекламы, но для существования нашего сайта необходим показ нескольких баннеров.

просим отнестись с пониманием и добавить zakon.kz в список исключений вашей программы для блокировки рекламы (AdBlock и другие).

Жаңаөзендегі жыл жаңалығы: «Нұр-Капитал» жобасы іске асты

3 ноября 2017, 19:57

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев әрдайым шағын және орта бизнестің дамуы кез келген елдің экономикасының негізі екенін айтып келеді.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жыл сайынғы жолдауында, ел экономикасына басты серпін беріп, қозғау салар саланың бірі – шағын және орта бизнестің әлеуетін арттыру мәселесін назардан тыс қалдырған емес. Басты мақсат - кәсіпкерлік саласын ел экономикасының басты қозғаушы күшіне айналдыру. Осы орайда Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында орта және шағын бизнесті қолдауға әрі дамыту үшін бүгін «Нұр-Капитал» жобасының тұсауы кесіліп, үшжақты меморандумға қол қойылды. Кәсіпкерлер қауымы бұл жоба өңірде ғана емес, ел ішінде тұңғыш рет іске асырылып отырғанын айтады. Сондықтан оны жыл жаңалығына балап, барлығы жылы қабылдауда. Бағдарламаны қаржыландыру «Даму» Қорының және «Өзенмұнайгаз» АҚ жер қойнауын пайдалану келісім-шарты аясында жергілікті атқарушы органға беретін қаражаттары есебінен жүзеге асырылатын болады. Қаржыландыру көлемі: бағдарлама бойынша жалпы сомасы – 1 млд. 50 млн. тенгені, оның ішінде: «Өзенмұнайгаз» АҚ-ның 350 млн. теңге, «Даму» Қорының қаржысы - 700 млн. теңге.

«Орта және шағын бизнеспен айналысамын деген әрбір азаматқа толықтай мүмкіндік жасалынып отыр. Үш жақтың қатысуы арқылы жүзеге асатын бағдарламаны бастауға әзірміз. «Өзенмұнайгаздан» алынатын ақшаның 350 млн. теңгесін «Даму» қорына қайтарымды негіздегі несие ретінде беріледі. Өз кезегінде «Даму» қоры екі еседен көп қаражат бөледі. Нәтижесінде барлығы 1 млд. 50 млн. тенгені жергілікті кәсіпкерлердің жобаларын қаржыландыруға жұмсаймыз. Қысқасы, бұл жерде ешқандай жергілікті бюджеттің қаражаты жұмсалмайды» – деді, Ералы Тоғжанов. Сондай-ақ ол, Жаңаөзен қаласы моноқала болғандықтан, өндіріс және қызмет көрсету салаларында жаңа нысандарды ашуды қаржыландыру арқылы, қала экономикасын әртараптандыру қажет. Жаңаөзен арқылы облыстың түрлі көрікті жерлеріне апаратын туристік бағыттар өтеді («Кендірлі» демалыс аймағы, табиғи көрікті жерлер, діни ғибадат орындары), соған байланысты сервисті жетілдіру және жаңа қызмет көрсету нысандарын құру қажет. Бағдарламаның жүзеге асыру қажеттілігі де осы екенін ерекше атап өтті.

«Даму» қорының МОФ директоры Берік Нұрғалиев: Бағдарламаның негізгі талаптарының бірі, тек қана жаңа тұрақты жұмыс орындарын құратын инвестициалық мақсаттаға жобалар қаржыландырылатын болады. Ең маңыздысы қаражат «Өзенмұнайгаздан» «Даму» қорына тікелей аударылады. Сол себепті несие бойынша пайыздық мөлшерлеме «Бизнестің жол картасы 2020» бірыңғай бағдарламасы аясында субсидияланатын болады. Егер соңғы қарыз алушы үшін сыйақы мөлшерлемесі – 11 пайыз болса, оның 10 пайызы субсидияланатын болса, ал қалған 1 пайызын ғана кәсіпкер төлейді. Сонымен қатар, егер қарыз алушының кепілге қоятын мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда, оған «Бизнестің жол картасы – 2020» бірыңғай бағдарламасы аясында «Даму» Қорының кепілдемесі берілетін болады, - деді.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев әрдайым шағын және орта бизнестің дамуы кез келген елдің экономикасының негізі екенін айтып келеді.

Шағын және орта кә¬сіпкерлік ел экономикасының негізгі тіре¬гі екенін ескерсек, алып өндірістің де, шағын өндірістің де жұмысын алға жетелейтін ең тиімді жол – билік пен бизнестің арасындағы арақатынастың үзілмеуінде жатыр.



Біздің қазақ тіліндегі жаңалықтар Facebook-та 

Если вы обнаружили ошибку или опечатку – выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите на ссылку сообщить об ошибке.

Комментарии
Загрузка комментариев...
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript или заблокирован сайт http://hypercomments.com
Добавить комментарий
Введите имя
Чтобы увидеть код начните набирать сообщение Введите код из 3 сим-волов, отображенных черным цветом. Язык кода - русский. обновить код
Новости партнеров
Загрузка...
Loading...