Қазақстанның футбол федерациясы атауы мен логотипін өзгертті

6 ноября 2017, 12:54

Қазақстан футбол федерациясы ребрендинг жүргізді.

Қазақстан футбол федерациясы ребрендинг жүргізгенін жариялады – бұл шешім Астанада 12 қазанда өткен федерацияның XV Конференциясы кезінде қабылданды, - деп хабарлайды Sputniknews.kz.

Қабылданған шешімге сәйкес, Қазақстанның футбол федерациясы атауы мен логотипін өзгертті.

"Логотиптегі федерацияның толық атауы KFF болып қысқартылып, енді халықаралық деңгейде қолдануға ыңғайлы әрі ықшам кейіпке енді", — делінген федерация хабарламасында.

Логотиптің түсі мен негізгі элементтері сақталған: қыран (егемендік нышаны), доп (футбол) және күн (жарқын болашаққа сенім белгісі). 2017 жылдың соңына дейін жаңа үлгіге біртіндеп ауысу жүзеге асырылады.



Фото: Sputniknews.kz

Акции
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript