Обнаружено блокирование рекламы на сайте

Уважаемые пользователи,

создатели сайта не желают превращать его в свалку рекламы, но для существования нашего сайта необходим показ нескольких баннеров.

просим отнестись с пониманием и добавить zakon.kz в список исключений вашей программы для блокировки рекламы (AdBlock и другие).

Оралдық ата-аналар балаларының мектепке орамал тағып бару құқығы үшін соттасып жатыр

8 ноября 2017, 09:33

Заңгер "оқушылар хиджаб емес, қазақтың ұлттық киімі - ақ түсті кимешек киеді".

Оралдағы орта мектептерде оқитын төрт оқушының ата-анасы қыздарының білім мекемесіне орамал тағып бару құқығы үшін сотта күресіп жатыр, - деп жазады centralasian.org. Бұл туралы ата-аналардың мүдделерін қорғаушы Арман Әбдірәшит хабарлады.

Заңгердің айтуынша, ата-аналар мектептердің ішкі тәртібі мен Білім және ғылым министрінің 2016 жылы 14 қаңтардағы жарлығының заңдылығын сот арқылы тексеруді көздеп отыр. Министр жарлығында "түрлі конфессиялардың діни киім элементтерін мектеп формасына қосуға болмайтыны" айтылған.

Әбдірашит бұл жарлық Қазақстан Конституциясының "мемлекеттік білім мекемелерінде тегін білім алу құқығына" қайшы екенін айтты. Заңгер "оқушылар хиджаб емес, қазақтың ұлттық киімі - ақ түсті кимешек киеді" дейді.

Шағымданушылардың бірі Әсет Сұлтанұлының айтуынша, Оралдағы № 7 орта мектеп басшылығы қазанның ортасында бірінші сыныптағы қызына бас киіммен сабаққа келуге тыйым салған. Қазір оның қызы мектепке бармайды.

Аталған мектеп директоры Виктор Протасов бұған қатысты пікір білдіруден бас тартты.

Фото: gdb.rferl.org

Біздің қазақ тіліндегі жаңалықтар Facebook-та 

Если вы обнаружили ошибку или опечатку – выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите на ссылку сообщить об ошибке.

Комментарии
Загрузка комментариев...
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript или заблокирован сайт http://hypercomments.com
Добавить комментарий
Введите имя
Чтобы увидеть код начните набирать сообщение Введите код из 3 сим-волов, отображенных черным цветом. Язык кода - русский. обновить код
Новости партнеров
Загрузка...
Loading...