Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Сооронбай Жээнбеков қазақ-қырғыз қарым-қатынасы қалай өрбитінін айтты

Таяу уақытта барлық мәселе шешімін табатынына сенімдімін - Жээнбеков.

Фото : 8 ноября 2017, 15:38
Қырғызстанның жаңадан сайланған президенті Сооронбай Жээнбеков соңғы кездері шиеленісіп кеткен Қазақстанмен қарым-қатынас көп ұзамай қалпына келеді деп есептейді. Бұл туралы мемлекет басшысы РИА Новостиге берген сұхбатында айтты, - деп жазады Sputnik Қазақстан.

Естеріңізге сала кетейік, Қырғызстандағы президент сайлауы қарсаңында Астана мен Бішкектің арасында дипломатиялық жанжал шыққан болатын. Қырғызстанның қызметінен кетіп бара жатқан басшысы Алмазбек Атамбаев Қазақстанды сайлауалды процестерге араласты деп айыптады. Осыдан кейін Қазақстан Қырғызстанмен шекарада қауіпсіздік шараларын күшейтті, салдарынан көрші ел жақтан жүк көліктері жиналып қалып, бірнеше километрлік кептеліс пайда болды. 18 қазан күні Астанада Қазақстан мен Қырғызстан премьерлері қазақ-қырғыз шекарасын кесіп өту тәртібін қамтамасыз етуге уағдаласты. Сондай-ақ экономикалық қарым-қатынастың өзекті мәселелері бойынша бірлескен "жол картасын" дайындау үшін жұмыс тобын құруға шешім қабылданды.

"Қырғыз-қазақ қарым-қатынасы тарих, мәдениет, рухани құндылықтардың тұтастығына, тату көршілік және бауырластыққа негізделген. Қазіргі проблемалар уақытша, оның үстіне тараптар жағдайды реттеу жөнінде бірнеше келіссөз жүргізді. Таяу уақытта барлық мәселе шешімін табатынына сенімдімін", — деді Жээнбеков.

Қазіргі таңда екі елдің үкіметі "жол картасын" пысықтап жатыр. Сонымен қатар Қырғызстан парламенті Қазақстанның 100 миллион доллар көлеміндегі көмегінен бас тарту туралы заң жобасын қабылдады.

Қырғызстанда президент сайлауы 15 қазанда өтті. Онда сайлаушылардың 54,7% дауысын алған экс-премьер Жээнбеков жеңіске жетті. Жаңа мемлекет басшысын ұлықтау рәсімі 24 қарашада өтеді.

Фото: sputniknews.kz


Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии