Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Өскеменде көршісінің көлігін айдап кеткен адам Ертіске батып кетті

Көлік көпірінің үстінен келе жатып, жолдан тайып кеткен.

Фото : 9 ноября 2017, 17:26
Өскемен қаласында көршісінің көлігін айдап кеткен 43 жастағы ер адам Ертіс өзеніне батып, мерт болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ШҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 5 қараша күні тіркелген.

«Сол күні «102» нөміріне 1967 жылғы облыс орталығының тұрғыны (әйел) қоңырау шалып, көршісі ВАЗ-2101 (Жигули) көлігін айдап кеткенін айтып шағымданған. Хабарламаны алғаннан кейін құқық қорғаушылар іздеуге шыққан кезде көлікті Ертіс өзенінен тауып алған. Көліктің ішінде 1974 жылғы көлік иесінің көршісінің мәйіті табылған», - дейді.

Ертіске аталған азаматтың қалайша батқанын, көліктің өзенге қалай тап болғанын тәртіп сақшылары қазіргі уақытта анықтау үстінде. Арнайы сараптама тағайындалды.

«Болжам бойынша, көлік Понтонный көпірінің үстінен келе жатып, жолдан тайып кеткен. Тәртіп сақшылары істің толық мән-жайын анықтап жатыр», - деп хабарлайды ІІД баспасөз қызметінен.

Фото: www.inform.kz


Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии