Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Ақсу қаласына жаңа әкім тағайындалды

Ақсудың бұрынғы әкімі Нұрлан Дүйсенбинов қаржы басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Фото : 15 ноября 2017, 11:30
Осыған дейін Павлодар облысының әкімі болған Николай Дычко Ақсу қаласының әкімі болып тағайындалды, - деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Жаңа әкімді Болат Бақауов таныстырып, бұл қаланың дамуына оң әсерін беретінін айтты.

- Ақсу - Павлодар облысының бір доноры сынды, бұл қаланың өнеркәсіптік потенциалы жоғары сұранысқа ие және аймағымызда стратегиалық маңызы зор, - дейді аймақ басшысы. -
Сіздің алдыңызда Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың тарапынан қойылып отырған мәселелер көп. Индустриялы-инновациялық даму жобаларын жүзеге асыру, соның ішінде индустрияландыру Картасы бойынша жобаларды көбейту, Ақсу ферроқорытпа зауыты мен Еуразия энергетикалық корпорациясының байланысын арттыруды қолға алу қажет.

Сонымен қатар, Николай Дычко қалалық қазандық құрылысын бақылауда ұстайды.

Ал, Ақсудың бұрынғы әкімі Нұрлан Дүйсенбинов қаржы басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Болат Бақауов оған атқарған жұмыстары үшін алғысын білдіріп, Құрмет грамотасын табыстады.

- Қазір елімізде коммуналдық меншікті жекешелендіру жүріп жатыр, мемлекеттік жеке меншік серіктестік дамуда, қаржының төртінші деңгейі енгізілу үстінде. Сондықтан аймағымызға тәжірибелі қаржы маманы керек. Сіз бұл бұл міндеттерді жоғары деңгейде орындайды деген сенімдемін, себебі, Ақсуды басқарып кәсібилігіңізді арттырдыңыз, - деді облыс әкімі.

Фото: pavlodarnews.kz


Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии