Обнаружено блокирование рекламы на сайте

Уважаемые пользователи,

создатели сайта не желают превращать его в свалку рекламы, но для существования нашего сайта необходим показ нескольких баннеров.

просим отнестись с пониманием и добавить zakon.kz в список исключений вашей программы для блокировки рекламы (AdBlock и другие).

1 қаңтардан бастап зейнетақы заңнамасындағы өзгерістер күшіне енеді

15 ноября 2017, 12:10

Жаңа жылдан бастап әйелдердің зейнеткерлік жасы ұлғайады. Сондай-ақ төлемдерді есептеу тәртібі өзгереді.

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасына енгізілген түзетулер күшіне енеді. Бұл туралы zakon.kz, «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Заңға сәйкес «БЖЗҚ» АҚ-дан белгіленген кесте бойынша міндетті және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін алуға «БЖЗҚ» АҚ-да зейнетақы жинақтары бар:

- жалпы белгіленген зейнет жасына толған тұлғалар: 58 жасқа толған әйелдер, 63 жасқа толған ерлер;

- мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленсе, бірінші және екінші топтардағы мүгедектер құқылы.

Сонымен қатар, жинақтаушы зейнетақы жүйесін ары қарай дамыту бағыттары бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын іске асыру аясында «БЖЗҚ» АҚ 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасындағы төмендегідей өзгерістер туралы хабарлайды:

2018 жылғы 1 қаңтардан бастап – 58,5 жас; 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап – 59 жас;
2020 жылғы 1 қаңтардан бастап – 59,5 жас; 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап – 60 жас;
2022 жылғы 1 қаңтардан бастап – 60,5 жас; 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – 61 жас;
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – 61,5 жас; 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – 62 жас;
2026 ғы 1 қаңтардан бастап – 62,5 жас; 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап – 63 жас;

Келесі жылдан бастап «БЖЗҚ» АҚ-дан зейнетақы төлемдері жинақталған зейнетақы қаражатынан жүзеге асырылады:

- белгіленген кесте бойынша ай сайынғы төлемдер түрінде;
- егер алушылардың зейнетақы жинақтарының сомасы тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең аз зейнетақының он екі еселенген мөлшерінен аспайтын болса, бір уақытта төленетін болады ;

Сондай-ақ төлемдерді есептеу тәртібі өзгереді.

Зейнетақы төлемдерінің өтініш білдірген күннен бастап белгіленетінін және зейнетақы жинақтары таусылғанға дейін жүзеге асырылатынын ескере отырып, зейнетақы төлемдеріне құқық туындаған жағдайда, «БЖЗҚ» АҚ-ға уақытында өтініш білдіруді сұрайды.

«БЖЗҚ» АҚ-ға ұсыну тәсіліне қарай (кеңсеге өзі келген кезде/пошта байланысы арқылы/электрондық цифрлық қолтаңба пайдалана отырып «БЖЗҚ» АҚ веб-сайты арқылы/үшінші тұлға арқылы) зейнетақы жинақтарының төлемін ресімдеуге қажет барлық құжат тізбесін, оларды ресімдеуге қойылатын талаптарды, өтініштердің бланкілерін, сенімхаттардың үлгілерін, кеңселердің мекенжайларын, жұмыс тәртібін және байланыс телефондарын www.enpf.kz «БЖЗҚ» АҚ ресми сайтынан таба аласыз, онда ақпарат үнемі жаңартылып тұрады не байланыс орталығының 1418 телефоны арқылы біле аласыз (Қазақстан аумағында қоңырау шалу тегін).

Фото: yk-news.kz


Біздің қазақ тіліндегі жаңалықтар Facebook-та 

Если вы обнаружили ошибку или опечатку – выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите на ссылку сообщить об ошибке.

Комментарии
Загрузка комментариев...
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript или заблокирован сайт http://hypercomments.com
Добавить комментарий
Введите имя
Чтобы увидеть код начните набирать сообщение Введите код из 3 сим-волов, отображенных черным цветом. Язык кода - русский. обновить код
Новости партнеров
Загрузка...
Loading...