Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Қарағандыда жұмыссыздықтан шаршаған жігіт өзін-өзі өлтірмек болған

Жұмыссыздық салдарынан өз өмірін қиғысы келген қала тұрғынын дәрігерлер ауруханаға алып кеткен.

Фото : 15 ноября 2017, 15:53
Кеше Қарағандыдағы Гоголь көшесінің бойындағы көпірден секіріп өлмек болған ер адамды полиция қызметкері құтқарып қалған. 41 жастағы ер адам жұмыссыздықтан шаршап, осындай қадамға барғысы келгенін айтқан, - деп жазады Baq.kz.

«Қарағанды қаласы ІІБ-нің жедел басқару орталығына 15 қараша күні түнгі сағат 23:30-да 1976 жылы туған ер адамның көпірден секіріп кетпек болғаны жайлы ақпарат түскен. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері өзін өлтірмек болған қала тұрғынынан райынан қайтуын өтінген. 41 жастағы ер адам өмірден шаршағанын, оны ешқандай жерге жұмысқа алмайтынын айтып, журналистердің келуін талап еткен», - дейді облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров.

Оқиға орнында болған полиция полковнигі Ерлан Намысов ер адамға жұмысқа тұруына көмек көрсететінін, өмірді осындай себеппен аяқтауға болмайтынын айтқан. Полиция қызметкерінің сөзінен кейін, ер адам өзін өлтірмек болған ойынан айнып, көпірден түскен.

Жұмыссыздық салдарынан өз өмірін қиғысы келген қала тұрғынын дәрігерлер тексерістен өткізу үшін ауруханаға алып кеткен. Қазіргі уақытта әлеуметтік қызметкерлер ер адамның жұмыссыздық статусы бойынша есепте тұрған-тұрмағанын, оған бұған дейін қандай да бір бос жұмыс орны ұсынылған-ұсынылмағанын анықтап жатыр.

Фото: baq.kz

Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии