Лента новостей
0

Соттар инновациялық дәуірге қадам басты

zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 16.11.2017 10:37 Фото: zakon.kz

Соттар инновациялық дәуірге қадам басты

 

Елдегі сот билігінің инновациялық дәуірге қадам басуы әлемнің 30 дамыған елдер қатарына кіруімен байланысты. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар әлеуметтік өмірдің барлық саласына енгізілді. Жалпы электронды сот төрелігін іске асыру мәселесі бұдан бірнеше жылдар бұрын бой көтерген. Алайда, бүгінде инновациялық технологиялар тарапынан жетістікке жеткен елдер саны көп емес. Мысалы, Ұлыбритания елінде электронды сот ісін жүргізу үрдісі осыдан бірнеше жыл бұрын енгізілгенімен, қағаз түрінде іс жүргізу әлі де жалғасын табуда. Еуропа елдері осыдан он жыл бұрын ғана электронды сот ісін жүргізуге көшті. Италияда сандық технологиямен жұмыс жасау тәжірибесін оң деп танығанымен, толыққанды іске қосылған жоқ. Германияда Еуропадан қалыс қалмады. Тек 10 жылдың ішінде азаматтық істерді қарайтын соттардың барлығында электронды сот төрелігін іске асыратын жүйе қызмет атқарады. Құжаттарды тапсыру, сондай-ақ шешімді шығарудың өзі электронды түрде іске асырылады. Бірақ, сот отырыстарына қатысушылар жеке кілттерін алу жолында қалтадан қағылады. Заманауи жаңа технологияларды сот саласына табысты түрде енгізген алдыңғы қатарлы елдер санатына Сингапурды жатқызуға болады. Бұл елде 1997 жылдан бастап электронды түрде сотқа жүгіну жүйесі іске қосылған. Көптеген басқа елдер электронды сот ісін жүргізуге ат басын тіреуде.

Сот жүйесінің жетілдірілуі Қазақстанның сот төрелігін іске асыру саласындағы әлемдік стандарттарға сай жаңа белестерді бағындырумен байланысты болды. Мемлекет пен қоғамда орын алып жатқан демократиялық үрдістер соттардың қызмет барысында жаңа сапалы деңгейге өтуді талап етеді. Осындай талаптардың бірі тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың қоғамдық механизмін жетілдіру болды.

Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасындағы басты бағыттар ретінде тәуелсіз сот билігінің нығаюы, құқық аясындағы даулардың тез арада шешілуі мен қолжетімділігі және ақпараттық технологияларды кеңінен қолдану танылады. Соттық ақпараттарды заманауи құрылғылар арқылы жазудың өзі сот төрелігін іске асыру барысындағы бәсекеге қабілеттілік қағидатын сақтауға мүмкіндік береді. Сот жүйесінің жүйелі түрде ақпараттандырылуы сот төрелігін іске асыруда ақпараттық-құқықтық қолдау көрсетуді, істерді қарау мерзімдерін қысқартуға және сот шешімін орындау тиімділігінің артуын қамтамасыз етеді.

Жалпы Қазақстанда сот жүйесіне санды ақпараттық технологиялар 1999 жылдан бастап біртіндеп енгізіліп, бүгін еліміздің барлық соттары электронды сот ісін жүргізу арқылы жұмыс жасайды.

 Қазақстан әлемдік бәсекеге қабілеттілік рейтингі бойынша кейінгі жылдары жоғары белестерді бағындырды. Бұл бағытта «Соттардың тәуелсіздігі» көрсеткіші сот қызметіне ақпараттық технологиялардың кеңінен енгізуі нәтижесінде оң көрсеткіштер көрсетті.

Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің 2015-2016 жылдардағы көрсеткішіне сәйкес, «Институттар» факторы бойынша еліміз 8 позицияны ұстануда. Әлемдік экономикалық форум сарапшыларының пікірінше, сот ісін жүргізу үрдісін анағұрлым жеңілдету және халыққа сапалы қызмет көрсету үшін бюрократиялық кедергілерді жою бағытында соттардың ақпараттық технологияларды кеңінен қолдануы негізінде «Соттардың тәуелсіздігі» көрсеткіші жоғарылады.

Қазіргі таңда соттар халық алдында ашық, әрі қолжетімді. Қазақстандың сот төрелігі электронды құжат айналымға көшкелі көптеген ақпараттық технологиялар енгізіліп, бүгін табысты түрде қызмет жасауда. Сот қызметіндегі жаңашылдықтар тек судьялар, заңгерлер мен қорғаушылар жұмысын жеңілдетіп қана қоймай, кез-келген адамның өзінің заңды құқықтары мен мүдделерін қысқа уақыттың ішінде сотта қорғауға мол мүмкіндік береді. Елбасының республика судьяларының VI съезінде сот қауымдастығы алдына сот жүйесінің жұмысын оңтайландыру мақсатында бірқатар бағытты тапсырмалар алға қойылған. Яғни, ресми сайттар жаңаша жұмыс жасай бастады, ақпараттық-анықтамалық киоскілер және Call-орталықтар іске қосылды. Тараптар сотқа шақыру қағазын электронды түрде алып, сотқа арыз-шағымдарын қағаз жеткізгішсіз электронды түрде ұсыну күйіне жетті. Жоғарғы Сот енгізген «Сот кабинеті» ақпараттық жүйесі табысты іске қосылып, сотқа түскен арыздардың 70 пайызы электронды түрде тапсырылады. Аталған жүйеде жұмыс жасау барысында міндетті түрде тұлғаның электронды санды қолтаңбасы болуы қажет. Халықтың уақытын тиімді пайдалану мақсатында елорда соттарында мобильді түрде электронды санды қолтаңба беру жұмысы алға қойылды. Ресми сайттарды істерді қарау тізімдері, сот құжаттарымен танысу баннерлері орналасқан. «Сот кабинеті» ақпараттық сервисінің өзі көптеген электронды қызмет көрсету түрін қамтиды. Сот құжаттарын жүктеп алу, сот отырыстарының дыбыс-бейне жазбасымен танысу, электронды сенімхаттар тапсыру, сот шешіміне шағымдар келтіру қызмет түрлері, соттық практика көрсетілген «Талдау» форумы еркін түрде халыққа қолжетімді болып отыр. Сондай-ақ, сот отырысатын бейнеконференц байланыс арқылы қашықтықтан өткізу жұмысы да алға қойылды. Яғни, сотқа қатысушы тарап еш кедергісіз сотқа қатысу мүмкіндігі бар.

Сот органдары қызметіне электронды технологияларды енгізу Қазақстанның ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастырып, дамуына ықпал етеді. Бұл өз кезегінде халықтың сотқа қатысты сенімін арттырудың көзі болып табылады.

Сот төрелігін іске асырудағы ашықтық пен мөлдірлік қағидатының жоғары шыңға жетуі қолданыстағы заңнаманың жетілдіріп, тиімді жүйенің құрылғанының көрінісі.

 

Астана қаласы №2 Есіл аудандық

сотының төрағасы Б.Ж. Есенов

 

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: