Обнаружено блокирование рекламы на сайте

Уважаемые пользователи,

создатели сайта не желают превращать его в свалку рекламы, но для существования нашего сайта необходим показ нескольких баннеров.

просим отнестись с пониманием и добавить zakon.kz в список исключений вашей программы для блокировки рекламы (AdBlock и другие).

Ақтөбеде киік популяциясын сақтап қалуға қатысты басқосу өтті

17 ноября 2017, 12:11

Қазақстандағы Бетпақдала, Орал, Үстірт популяциясында 100 мыңнан астам киік бар.

Ақтөбе облысы аумағында 2700 киік қалды. Табиғатты қорғаушылар киікті сақтап қалу үшін ауыл адамдарының көмегіне жүгінді, деп хабарлайды Aktobenews.kz.

Қазақстандағы Бетпақдала, Орал, Үстірт популяциясында 100 мыңнан астам киік бар. 2015 жылы жалпы індет шығып, далада киік қырылған болатын. Екі жылда Ақтөбе аумағындағы киік 1270-тен 2700-ге жетті. Бірақ бұл әлі де аз.

Ақтөбеге «Қарағанды облыстық экологиялық мұражайы» бірлестігінің, «Қолдау Қазақстан» көпсалалық коммерциялық емес холдингінің өкілдері мен Германиядан табиғат пен биоалуантүрлілікті сақтау одағының сарапшылары келіп, киік мәселесін қозғады.

«Бетпақдалада 30 мың, Оралда 70-80 мың, ал Үстіртте 2700 киік бар. Дүниежүзі бойынша киіктің 90 пайызы осы үш популяцияны мекендейді. Бір кездері Үстірт популяциясында киік көп шоғырланған еді. 2015 жылы 1270, 2016 жылы 1900 бас киік болды. Қазір 2700 киік бар. Сондықтан осы жердегі жұмысты жандандырып, киікті сақтауға күш салуымыз керек», — деді «Қарағанды облыстық экологиялық мұражайы» бірлестігінің өкілі Айбат Мұзбай.

Қазақстандық табиғат қорғаушылар Тәжікстан, Қырғызстан даласында киік сақтау жұмысын жүргізген Германия сарапшыларының көмегіне жүгінді.

NABU биоалуантүрлілікті сақтау одағының сарапшысы Штефан Михель аңшылармен, браконерьлермен кездесіп, популяция туралы айтып берген. Кездесуде адамдар заңсыз аңшылықты тоқтатуға, киікті атпауға, қорғауға келісті.

«Орта Азияда ұзақ жылдар бойы жұмыс істеп жүрміз. Қазақ жері өте қонақжай. Ауылдарға барып, адамдармен кездесу өткіздік. Бізді шайға, етке шақырды. Сол кезде біз адамдардың киікті сақтау туралы ойын білген болатынбыз. Олар киіктің күрт азайғанына алаңдап отыр. Бір кездері шоғырланып көшетін киіктер қазір жоқ, далалық бос. Мұның бәрін терең ойлап, адамдар өздеріне жауапкершілік алды. Қазақстандықтар да табиғатты қорғауға келісті», — деді NABU халықаралық одағының жетекшісі Тильман Дитерих.

Бұл бағыттағы жұмыс енді басталды. Халықаралық топ екі мультфильм түсіріп, бірнеше жадынамалар таратты.

Фото: aktobenews.kz

Біздің қазақ тіліндегі жаңалықтар Facebook-та 

Если вы обнаружили ошибку или опечатку – выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите на ссылку сообщить об ошибке.

Комментарии
Загрузка комментариев...
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript или заблокирован сайт http://hypercomments.com
Добавить комментарий
Введите имя
Чтобы увидеть код начните набирать сообщение Введите код из 3 сим-волов, отображенных черным цветом. Язык кода - русский. обновить код
Новости партнеров
Загрузка...
Loading...