Азаматтық талапты қылмыстық процесте қарау

 

Азаматтың немесе заңды тұлғаның қылмыстық әрекет салдарынан шектірілген материалдық зиянды өтету үшін қылмыстық іс процесінде берген, қылмыстық іспен бірге қаралатын талап-шағымы. Қылмыстық іске қатысты азаматтық талаптың мөлшері мен дәлелдеу негіздемелері қылмыстық ісжүргізу заңдары бойынша айқындалады. Егер азаматтық талапа заматтық іс жүргізу тәртібімен қаралмаған болса, онда ол қылмыстық іс қозғалған сәттен бастап сот тергеуі басталғанға дейін ұсынылуы керек. Азаматтық талап қылмыстық істі жүргізуші тергеушіге, анықтау және сот органдарын аталап шағымын жазу арқылы қойылады. Азаматтық талапкер деп тану немесе одан бас тарту туралы анықтау органы, тергеуші және судьяқаулы, ал сот — ұйғарым шығарады. Сондай-ақ, қайтыс болған адамның асырауындағылар да азаматтық талап қоюға құқылы. Азаматтардың мемл. Және қоғамдық мүдделері мен құқыларының қорғалуы қажет болған жағдайда, жәбірленушінің азаматтық талабын прокурордың өзі ұсынады немесе қолдайды. Заңға сәйкес азаматтық талап бойынша жауапкершілікті айыпталушы емес, өзге адам (мысалы, кәмелетке толмаған айыпталушының заңды өкілі) көтеретін болса, онда ол кісі азаматтық жауапкер ретінде қатысады. Айыпталушы немесе оның істеген әрекеті үшін материалдық жауапкершілік арқалайтын өзге адамдардың мүліктерін тұтқындау арқылы азаматтық талапты қамтамасыз етіледі. Азаматтық талап берген кезде мемл. алым төленбейді. Үкім шығару барысында сот азаматтық талап қанағаттандырылуға жата ма, жоқ па, кімнің пайдасына және қандай мөлшерде қанағаттандырылуға тиіс деген мәселені шешуге міндетті. Істеген қылмысына байланысты адамды айыпкер деп тани отырып, сот азаматтық талап негіздерінің дәлелденуіне және мөлшеріне орай оны толықтай немесе жартылай қанағаттандыруға; ал істелген қылмыстың салдарынан ешқандай материалдық зиян шектірілмегені анықталса, оны қанағаттандырудан бас тартуға жатқызады. Ерекше жағдайларда ғана, мысалы, азаматтық талаптың мөлшерін есептеу мүмкін болмаған кезде, сот істі қарауды кейінге қалдырмай-ақ, талапкердің талабын қанағаттандырумен шектеледі, ал оның мөлшері жөніндегі мәселенің шешімін табуды азаматтық ісжүргізу тәртібі бойынша сот қарауына жатқызады. Егер азаматтық талап берілмеген болса, бірақ сот істелген қылмыстық әрекет салдарынан материалдық зиян шектірілді деп ұйғарса, онда өз еркімен немесе прокурордың ұсынысымен зиянды өтеуге қатысты мәселені шешуге құқылы. Сот ақтау үкімін шығару кезінде қылмыстық оқиға анықталмаса не сотталушының оған қатысқандығы дәлелденбесе, сотталушының іс-әрекетінде қылмыстың құрамы болмаса, азаматтық талап қанағаттандырылмайды немесе қараусыз қалдырылады. Мұндай жағдай да талапкер азаматтық ісжүргізу тәртібімен азаматтық талабын қайтадан беруге құқылы.

 

Қарағанды облысы бойынша

қылмыстық істер жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық сотының

 бас маман-сот отырысының хатшысы

Г. Каратаева

18 ноября 2017, 13:06
Источник, интернет-ресурс:

Если вы обнаружили ошибку или опечатку – выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите на ссылку сообщить об ошибке.

Акции
Комментарии
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript