Обнаружено блокирование рекламы на сайте

Уважаемые пользователи,

создатели сайта не желают превращать его в свалку рекламы, но для существования нашего сайта необходим показ нескольких баннеров.

просим отнестись с пониманием и добавить zakon.kz в список исключений вашей программы для блокировки рекламы (AdBlock и другие).

Павлодарда алғаш рет сәбилер арасында еңбектеуден чемпионат өтеді

20 ноября 2017, 11:29

Сайысқа 35 жасқа жетпеген жас отбасылар өз сәбилерімен қатыса алады.

Павлодарда 20 ата-ана сәбилер арасында еңбектеуден өтетін «Babystart» чемпионатына қатысуға өтініш білдірген, - деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Жастар бастамаларын дамыту орталығының ұйымдастыруымен өтетін жарыс 25-қараша күні сағат 14:00-де Ломов, 38 мекенжайында өтеді.

Сайысқа 35 жасқа жетпеген жас отбасылар өз сәбилерімен қатыса алады. Балалардың жасы - сегіз айдан бастап бір жарым жасқа дейінгі аралық. Чемпионат үш кезеңнен тұрады:

І кезең – 8 ай мен 1 жас аралығындағы сәбилердің еңбектеу эстафетасы. Сәбилер 10 метр жерді еңбектеп өтуі тиіс.

ІІ кезең – 1 мен 1,5 жас аралығындағы балалардың еңбектеу эстафетасы. Олар да 10 метр жерді еңбектеп өтуі тиіс. Бұл кезеңде ата-анасының біреуіне баланы қызықтыратын ойыншық немесе белгілі бір затпен мәреде тұруына немесе өзіне шақыруға рұқсат етіледі. Аз уақыт ішінде белгіленген жолды еңбектеп өткен бала жеңімпаз атанады. Екі аяғымен жүріп өткен бала ойыннан шығарылады.

III кезең – ата-аналармен бірге балалардың сайысы. Бұл кезеңді алғашқы екі кезеңнен тыс барлық отбасы бірге қатысады.

Жеңімпаздар орын арқылы анықталады 1,2,3.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өтетін шара соңында жастар орталығы мен демеушілердің атынан жеңімпаздар медальдармен, грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Фото: pavlodarnews.kz

Біздің қазақ тіліндегі жаңалықтар Facebook-та 

Если вы обнаружили ошибку или опечатку – выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите на ссылку сообщить об ошибке.

Комментарии
Загрузка комментариев...
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript или заблокирован сайт http://hypercomments.com
Добавить комментарий
Введите имя
Чтобы увидеть код начните набирать сообщение Введите код из 3 сим-волов, отображенных черным цветом. Язык кода - русский. обновить код
Новости партнеров
Загрузка...
Loading...