Обнаружено блокирование рекламы на сайте

Уважаемые пользователи,

создатели сайта не желают превращать его в свалку рекламы, но для существования нашего сайта необходим показ нескольких баннеров.

просим отнестись с пониманием и добавить zakon.kz в список исключений вашей программы для блокировки рекламы (AdBlock и другие).

СҚО-да жаңажылдық шырша құруға қаражат бөлінбейді

20 ноября 2017, 16:34

Жаңажылдық безендіру әшекейлерін қайта қолдану – бұл мәселенің ең тиімді шешімі.

Биыл Петропавлда жаңажылдық шырша орнатуға және көшені безендіруге қаражат бөлінбейтін болды. Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов үнемделген қаржы басқа мақсатқа жұмсалатындығын айтты, - деп хабарлайды Baq.kz.

Жаңа 2018 жыл жақындап келеді. Бірер аптадан кейін мерекеге дайындық басталады. Жыл сайын Петропавлда жаңажылдық безендіруге бюджеттен ақша бөлініп келді. Облыстық әкімдіктің отырысында Құмар Ақсақалов қала басшылығына бұл мақсатқа бюджет есебінен бір тиын да шығындамауды тапсырды. Жаңажылдық безендіру әшекейлерін қайта қолдану – бұл мәселенің ең тиімді шешімі.

«Қалада былтырғы шыршалар, иллюминациялар мен шамдар бар. Соларды қолдану керек. Мұз қалашықтарын демеушілердің көмегімен салуға болады. Бізге бюджеттік қаражатты жұмсау тәжірибесін тоқтатқан жөн», - деп атап өтті Солтүстік Қазақстан облысының Құмар Ақсақалов.

Облыс әкімінің айтуынша, үнемделген қаржы қаланы көркейтуге бағытталады. Петропавлда өткен жылы жаңажылдық шырша құрып, көшені безендіруге 8 миллион теңге жұмсалыпты. Ал, 2015 жылы бюджеттен 24 миллион теңге шығындалған.

«Құмар Ақсақаловтың мерекелік шыршаны безендіруге қаржы бөлуге тыйым салғанын толықтай қолдаймын. Біздің үйдегі шыршаға 7 жыл болды. Жыл сайын құрамыз да, келесі мерекеге дейін жинап қоямыз. Миллиондап ақша шығындағанша қалалық әкімдікке де солай етуге әбден бола еді ғой. Бірнеше күндік шоу үшін қаншама қаржыны шығындау – ысырапшылдық», - дейді Петропавл қаласының тұрғыны Гүлнәр Мұхамеджанова.

Соңғы 4 жылда Петропавл қаласында Жаңа жыл мерекесінде орталық көшені безендіріп, мұз қалашығын салуға 68 миллион теңге жұмсалған.

Фото: baq.kz

Біздің қазақ тіліндегі жаңалықтар Facebook-та 

Если вы обнаружили ошибку или опечатку – выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите на ссылку сообщить об ошибке.

Комментарии
Загрузка комментариев...
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript или заблокирован сайт http://hypercomments.com
Добавить комментарий
Введите имя
Чтобы увидеть код начните набирать сообщение Введите код из 3 сим-волов, отображенных черным цветом. Язык кода - русский. обновить код
Новости партнеров
Загрузка...
Loading...