Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

ШҚО-да жаңа туған нәресте тікұшақ көмегімен құтқарылды

Тікұшақта 2 дәрігер, инженер және командир және көмекке қажетті қондырғылардың барлығы бар.

Фото : 20 ноября 2017, 17:45
Облыс орталығынан шалғайда жатқан Ақжар елді мекенінде жеті айлық нәресте дүниеге келіп, шала туған сәбиге жоғарғы медициналық көмек қажет болған, деп хабарлайды Хабар телеарнасы.

Алдымен Өскеменнен ұшып шыққан дәрігерлері бар Ан-2 ұшағы ауа райы қолайсыздығынан ауылға қона алмады. Келесі күні ҚР ІІМ ТЖК қарасты «Қазавиақұтқару» АҚ әуе кемесінің жетекшісі Болат Доскенов «EurocopterEC 145» тікұшағымен шұғыл ұшуға бел байлайды.

Тікұшақта 2 дәрігер, инженер және командир және көмекке қажетті қондырғылардың барлығы бар. Алайда кешқұрым ұшып келгендіктен, қону оңай болған жоқ.

Дегенмен құтқарушылар мамандардың шеберлігі арқасында аман-есен қонып, жаңа туған сәбиге көмек көрсетті. Қазір нәресте мен анасы Өскемен қаласында дәрігерлердің бақылауында. Бұл жайында Өскемен қалалық ТЖБ хабарлап отыр.

Фото: khabar.kz

Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии