Обнаружено блокирование рекламы на сайте

Уважаемые пользователи,

создатели сайта не желают превращать его в свалку рекламы, но для существования нашего сайта необходим показ нескольких баннеров.

просим отнестись с пониманием и добавить zakon.kz в список исключений вашей программы для блокировки рекламы (AdBlock и другие).

Оралда балабақша медбикесінің туберкулезге шалдыққаны анықталды

21 ноября 2017, 09:01

Медбикенің қос өкпесі инфильтративті туберкулезге шалдыққаны белгілі болды.

Оралда балабақшада жұмыс істейтін медбикенің туберкулезбен ауыратыны белгілі болды, - деп хабарлайды Sputnik Қазақстан "Мой ГОРОД"-қа сілтеме жасап.

"Ақжайық" балабақшасының директоры Жанаргүл Нағимова айтқандай, медбике 27 қыркүйекте жұмысқа шықпаған, қазір емделіп жатыр.

"Бізге 2014 жылы жұмысқа тұрған болатын. Қызметкерлеріміз жылына бір рет медициналық тексеруден өтеді, ал медициналық қызметкерлер – екі рет. Бірақ флюорографияға жылына бір рет түседі. Медбике 2017 жылы 16 наурызда түскен, ол кезде ештеңе анықталмаған болатын", — дейді директор.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлағандай, медициналық қызметкер онкология ауруы белгілерімен емделуге жіберілді.

"Медбикенің қос өкпесі инфильтративті туберкулезге шалдыққаны белгілі болды. СЭС қызметшілері балабақшаны тексеріп, 21 қарашадан бастап екпе жасалатын балалардың тізімін жасады", — деп түсіндірді ведомство.

Балабақша бұрынғы тәртіппен жұмыс істеп тұр екен. Оған 316 бала барады, олардың 175-іне екпе жасалмақ.

Фото: sputniknews.kz

Біздің қазақ тіліндегі жаңалықтар Facebook-та 

Если вы обнаружили ошибку или опечатку – выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите на ссылку сообщить об ошибке.

Комментарии
Загрузка комментариев...
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript или заблокирован сайт http://hypercomments.com
Добавить комментарий
Введите имя
Чтобы увидеть код начните набирать сообщение Введите код из 3 сим-волов, отображенных черным цветом. Язык кода - русский. обновить код
Новости партнеров
Загрузка...
Loading...