Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Павлодарда 1-желтоқсаннан бастап жолақысы 10 теңгеге қымбаттайды

Жолақысын 70 теңгеден 80 теңгеге көтеру жөнінде ұсыныс білдірді.

Фото : 21 ноября 2017, 14:06
Павлодарда қыстың алғашқы күні 1-желтоқсаннан бастап қоғамдық көліктердегі жолақысы 80 теңге болады, - деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы қалалық мәслихат депутаттарының сессиясында белгілі болды.

ТҮКШ бөлімінің сектор меңгерушісі Марат Асылбековтың айтуынша, елімізде орта есеппен жол ақысы 79 теңгені құрайды.

- Еліміздегі 15 қаланың бесеуінде жолаушыларға жеңілдіктер қарастырылған, - дейді Марат Асылбеков. - Солардың ішінде ең көп 15 топтың өкілдеріне жеңілдіктер жасаған Павлодар ғана. Бүгінгі таңда жанармай мен көлік саймандарының қымбаттауы тасымалдаушыларға ыңғайсыздық тудырып, шығынға әкеліп соқтыруда. Осыған байланысты біз жолақысын 70 теңгеден 80 теңгеге көтеру жөнінде ұсыныс білдірдік.

Дауысқа салған 20 депутат жолақысын көтеруге бір жақты келісім берді. Алайда тасымалдаушыларға келесідей талаптар қойылды: 15 топ өкілдеріне 50 пайыздық жеңілдіктерді сақтау, жолаушылардың ыңғайлылығы үшін қоғамдық көліктердің жүру интервалын ретке келтіру және жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Фото: pavlodarnews.kz

Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии