Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Талдықорған тұрғыны 11 жасар қызды WhatsApp арқылы азғындық жолға түсірмек болған

Тәртіп сақшылары күдіктіні анықтады.

Фото : 21 ноября 2017, 17:44
Талдықорған тұрғыны 11 жастағы қызды азғындық жолға түсірмек болды деген күдікпен ұсталды, - деп хабарлайды Алматы облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Қыркүйектің соңында полицияға Үштөбе қаласының тұрғыны хабарласып, бейтаныс адам 11 жасар қызына WhatsApp мессенджері арқылы азғындық әрекетке шақыратын хабарламалар жіберетінін айтқан.

Тәртіп сақшылары күдіктіні анықтады. Ол бұрын сотталмаған 39 жастағы ер адам болып шықты.

"Жедел іздестіру шаралары барысында күдікті Оңтүстік Қазақстан облысы арқылы шетелдегі туыстарына барып-қайтуға дайындалып жатқаны анықталды. Полицейлер Шымкентке барып, ер адамды ұстады", — деп жазылған хабарламада.

ҚР ҚК 124-бабы (балаларды азғындық жолға түсіру) бойынша қылмыстық тергеу басталды.

Фото: sputniknews.kz


Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии