Лента новостей
0

Алматыда Тұңғыш Президент күніне арналған республикалық форум өтті

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 30.11.2017 14:11 Zakon.kz
Бүгінде ұлт көшбасшысының биік саяси бейнесі, зор тарихи тұлғасы ұлтымен ажырамас егіз ұғымға айналды.
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде «Болашағымыз – бірлікте» атты V республикалық форум өтті, деп хабарлайды оқу орнының баспасөз қызметі.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай ұйымдастырылған алқалы жиынға мемлекет және қоғам қайраткерлері, белгілі спортшылар мен жоғары оқу орындарының студенттері қатысты.

Форумның ұйымдастырушылары – «Нұр Отан» партиясының Алматы қалалық филиалы, Алматы қалалық «Парасат» кәсіподағы және Қазақстан кәсіподақтар федерациясы.

Бүгінде ұлт көшбасшысының биік саяси бейнесі, зор тарихи тұлғасы ұлтымен ажырамас егіз ұғымға айналды. Елбасының сындарлы саясаты арқасында елімізде әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси реформалар табысты жүзеге асып, Қазақстанды жаңа ғасырдағы бәсекеге қабілетті мемлекет ретінде әлемге паш етті. Жиынның алға қойып отырған мақсаты да осы. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірі мен қызметі, өскен-өнген, оқыған ортасы, тәуелсіз Қазақстан мемлекетін қалыптастырып, дамытудағы ерен еңбегін насихаттау. Қолдап-қуаттау.

Форумды Қыздар университетінің ректоры Гаухар Алдамбергенова кіріспе сөзбен ашып, атаулы күннің мәні мен маңызына кеңірек тоқталды.



– Мемлекетіміздің Тұңғыш Президенті – жаңа тәуелсіз елдің негізін қалап, шекарасын нықтап, берекесін баптап, баянды болашаққа тура бастап келе жатқан тарихи тұлға. Дербестігін жариялап, азаттығын алған жиырма алты жыл уақыт ішінде елімізді барша әлем танып, мойындады. Әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси реформалар табысты жүзеге асты. Баянды болашақ, кемел келешекке деген үкілі үміт жалпыхалықтық сенімге ұласты. Тұңғыш Президент күні қуатты мемлекет қалыптастырған Нұрсұлтан Назарбаевтың тұлғасын айшықтайтын маңызды мереке ретінде тарих көшіне жалғаса бермек. Тағылымды тәрбие мен өрісті білімнің іргелі ордасы атанған, көпшілік қауым «ізеттілік пен үлгі-өнеге отауы» деп ат қойып, айдар таққан Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті ұстаздардың қалың шоғырын дайындауға сүбелі үлес қосып келе жатқан ұлағат ұясы. Оқу орнының ұжымы мен студенттері Ұлт Көшбасшысының салиқалы саясатын қолдайды! Қыздар университетінде тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған бүгінгідей игілікті жиын алдағы уақытта өз жалғасын табады деп сенемін, – деді Гаухар Төремұратқызы.

Бұдан өзге форум барысында Елбасының сыныптасы Едіге Жүнісбеков, Алматы қалалық «Парасат» кәсіподағының төрағасы Данат Жанатаев, бокстан Сидней олимпиадасының чемпионы Ермахан Ибраимов, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының студенті Толғанай Хасенова және Алматы энергетика және байланыс университетінің студенті Камила Тұмарбекова сөз сөйлеп, айтулы датаның ауқымдылығына тоқталып, тәуелсіздік жылдарында Қазақстанның жеткен жетістіктері мен дамуы жайында кеңінен әңгімеледі.



Жиын аясында Қыздар университетінің бір топ студенті «Парасат» кәсіподағының мүшелігіне қабылданып, куәліктері ресми жағдайда табысталды. Олардың қатарында Нұрила Мұрат, Мария Алданазарова, Диана Аитова, Айгерім Нұрмәулен, Жұлдыз Амантай және Ғазиза Амантаева есімді білімгерлер бар. Сондай-ақ, форум аясында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру орталығы, «Парасат» кәсіподағы, республикалық «Ustudy» тестілеу орталығы және «Жайдарман» лигасы арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Бұл келісім алдағы уақытта студенттер арасында түрлі жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік бермек. Сонымен қатар, шара шеңберінде кәсіподақ белсенділерін марапаттау мен арнайы тағайындалған стипендияны тапсыру рәсімі де өтті.

Форум соңы Қыздар университетінің өнер ұжымдарының мерекелік гала-концертіне ұласады.

– Келісім мен бірлік, Отанымыздың тағдырына деген ортақ жауапкершілік – Қазақстанның табысты дамуының басты стратегиялық ресурсы, ертеңгі күнге деген біздің сеніміміз бен күшіміздің қайнар көзі. Достық пен ынтымақ үйлесім тапқан жерде береке мен ырыс болары айдан – анық, бесенеден белгілі. Жаңа тәуелсіз елдің негізін қалап, шекарасын нықтап, баянды болашаққа тура бастап келе жатқан Ұлт Көшбасшысының салиқалы саясатын қолдау және бірлік пен ынтымақты насихаттауда осы тақылеттес жиындардың маңызы зор. Бұдан өзге форум жастардың кәсіби дамуына, шығармашылық ойлай алатын жетекшілер жасақтауға сеп болмақ. Жиын алдағы уақытта жаңа ойлармен, тәжірибелер алмасудың алаңа болып қала береді, – деп атап өтті форум ұйымдастырушылары.


Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: