Обнаружено блокирование рекламы на сайте

Уважаемые пользователи,

создатели сайта не желают превращать его в свалку рекламы, но для существования нашего сайта необходим показ нескольких баннеров.

просим отнестись с пониманием и добавить zakon.kz в список исключений вашей программы для блокировки рекламы (AdBlock и другие).

Қытай "Қорғас" орталығындағы өз аумағына сақалды адамдарды кіргізбей жатыр

7 декабря 2017, 15:42

Бұл шара Шыңжаң-Ұйғыр автономды ауданы билігінің шешімімен қабылданған.

Қазақстан мен Қытайдың шекара бойындағы ынтымақтастығы жөніндегі кездесуде сөз сөйлеген Алматы облысының прокуроры Азамат Жылқыбаев Қытай тарапы "Қорғас" шекара бойы ынтымақтастығы халықаралық орталығындағы (ШЫХО) өз аумағына сақалды және мұсылманша киінген адамдарды кіргізбей жатқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Оның айтуынша, "Қорғас" ШЫХО арнайы көлік-жаяу жүргінші жолында сәуірден бастап Қытай әскери бөлімдері қызмет көрсететін қосымша бақылау-тексеру өткізу пункттері орнатылған. Бұл шара діни экстремизм мен халықаралық терроризмге қарсы әрекет ету мақсатында Шыңжаң-Ұйғыр автономды ауданы билігінің шешімімен қабылданған.

"Сонымен бірге, аталған пункттерде орталықтың қытай тарапына ұлты мен азаматтығына қарамастан сақал қойған және мұсылман тұрмыс-салтына сай киінген адамдарды өткізбей жатыр. Бұл Қазақстан азаматтары үшін де, біздің аумақтан сонда өткісі келетін шетел азаматтары үшін де орталыққа баруды қиындатып жатыр, екіншіден, екі мемлекет арасындағы тауар айналымы төмендеді", — деді прокурор.

Ол әскери өткізу пункттерінің жұмысын "Қорғас" ШЫХО қызметін реттеу туралы талаптар мен келісімдерге сәйкес келтіруді ұсынды. Келісім бойынша, мұндай қызметті тек табиғат апаты, эпидемия, төтенше жағдайлар туындаған кезде қолдану қарастырылған.

Бұл ақпаратты Қазақстан бас прокурорының орынбасары Андрей Лукин де растады.

Ал, Қытай жоғары халықтық прокуратурасының өкілі Го Синван бұл проблема туралы алғаш рет естіп тұрғанын, сондықтан осындай ұсақ мәселелерді шешу үшін екі ел өкілдері арасында тұрақты кездесу өткізіп тұру қажет екенін атап өтті.




Біздің қазақ тіліндегі жаңалықтар Facebook-та 

Если вы обнаружили ошибку или опечатку – выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите на ссылку сообщить об ошибке.

Комментарии
Загрузка комментариев...
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript или заблокирован сайт http://hypercomments.com
Добавить комментарий
Введите имя
Чтобы увидеть код начните набирать сообщение Введите код из 3 сим-волов, отображенных черным цветом. Язык кода - русский. обновить код
Новости партнеров
Загрузка...
Loading...