Обнаружено блокирование рекламы на сайте

Уважаемые пользователи,

создатели сайта не желают превращать его в свалку рекламы, но для существования нашего сайта необходим показ нескольких баннеров.

просим отнестись с пониманием и добавить zakon.kz в список исключений вашей программы для блокировки рекламы (AdBlock и другие).

Павлодар облысы ұлттық ат спортын дамытуды қолға алмақ

3 января 2018, 09:15

Құс салып, ит жүгірту, ат баптау – халқымыздың қанына сіңген қасиет.

Жылдың алғашқы күндерінде аймақтың атбегілері, құсбегілері мен саятшылары бас қосып, алдағы жоспарларымен бөлісті. Сондай-ақ Астананың 20 жылдығы мен облыстың 80 жылдық мерейтойларына арналған ерекше флешмоб өткізді, деп жазады Хабар 24 арнасы.

Олар қаңтардағы қытымыр ауа райына қарамастан 20 шақырымдық жерді салт атпен жүріп өтті.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы арқылы жүзеге асқан игі бастама туризмді дамытуға бағытталған. «Құс салып, ит жүгірту, ат баптау – халқымыздың қанына сіңген қасиет. Оны келер ұрпаққа жеткізу – бізге жүктелген парыз», – дейді жергілікті танымал құсбегі Бошан Әбікеев.

Бошан Әбікеев, құсбегі: – Мына бүркіт деген – қасиетті құс. Мынау ақпан, қаңтарда салады. «Жүз иттен бір бүркіт» артық дейді. Қазір сол мына балаларға сол тәлім-тәрбие көрсетіп, Совхозтехникум, Заря ауылында балалардың бәрі атқа мініп, ит жүгіртіп, бәйгеге қосып жатыр.

Күмісай Асайынова, Павлодар қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің сектор меңгерушісі: – Барлық ат ұстаушылары, құсбегілері, барлығы жиналып, алға қойған мақсаттарын талқылап жатыр. Биылғы жылы ат спортына үлкен көңіл бөлінеді .Себебі біздің ұлттық спорт түрі ғой. Бәйге болсын, аударыспақ болсын, көкпар болсын. Осы ат туризмі дамытатын сала болып тұр. Киелі жердер, сакралды жерлер бар. Осы жерлерге тұрғындар көлікпен емес атпен де барып көргендері жақсы.


Біздің қазақ тіліндегі жаңалықтар Facebook-та 

Если вы обнаружили ошибку или опечатку – выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите на ссылку сообщить об ошибке.

Комментарии
Загрузка комментариев...
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript или заблокирован сайт http://hypercomments.com
Добавить комментарий
Введите имя
Чтобы увидеть код начните набирать сообщение Введите код из 3 сим-волов, отображенных черным цветом. Язык кода - русский. обновить код
Новости партнеров
Загрузка...
Loading...