Лента новостей
0

Сот жүйесінің ашықтығы мен жариялылығы

zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 04.01.2018 22:34 Фото: zakon.kz

Сот жүйесінің ашықтығы мен жариялылығы

 

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев елде демократиялық қағидаларды орнықтыру, халықтың бостандығы мен құқығын қорғау қажеттігін ерекше назарда ұстап келеді. Сондықтан бүгінде біз, сот қызметкерлері халқымызға адал еңбек ету мақсатында, сот төрелігін уақтылы, заң талаптарына сай, әділетті және сапалы түрде қызмет атқаруға тырысамыз.

Сот жүйесінің ашықтығы мен жариялылығының дәлелі ретінде қазіргі таңда «Төрелік» ақпараттық жүйесі, «Сот кабинеті», «Үн-бейне жазба құралын қолдану» тетіктері тәжірибеде қолдануда. «Төрелік» - бұл сотта қаралатын істердің бірыңғай ақпараттық жүйесі. Ал, Сот кабинеті - бұл электрондық ақпараттық сервис, ол сот органдарының онлайн сервисіне қолжетімді бірыңғай терезе болып саналатынын, сот ісін жүргізуді жеңілдету және азаматтар үшін сот жүйесінің қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында іске асырылған. Осы сервистің негізгі ерекшелігі азамат, оның адвокат тұлғасындағы өкілі немесе заңгер кез келген ыңғайлы уақытта, үйінен немесе кеңседен шықпай-ақ Интернет желісі арқылы сот құжатын, сондай-ақ істегі мәртебесін қарай алады және сот актісін басып шығара алды.

 Ал сот жүйесінің ашықтығын жүзеге асыру мақсатында барлық соттарға қаралатын істерді үн-бейне жазба құралы арқылы, ал мүмкін болмаған жағдайда - үн жазба құралын жасақтау міндеті қойылғандығын баса айтып өту керек. Кез-келген сотта қаралған іс үн-бейне жазба құралымен жасақталады. Оны өзгертуге ешкімнің құқығы жоқ, оның ішінде судья да оған өзгертулер, түзетулер енгізе алмайды. Жазылған бейне дыбыспен тыңдалып, көзбен көрініп тұрады. Сондай-ақ, жергілікті соттар осы жазба құралы арқылы қаралған істердің есебін беріп отырады. Бұл өз кезегінде сотқа жүгінген азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін шынайы қорғаудың сапасын одан әрі арттыра түсері анық.

Ашықтықтың басты құралы ретінде Алматы аудандық соты БАҚ-мен тығыз қарым-қатынас орнатуда. Судьялар мен сот қызметкерлері қоғамдағы маңызды тақырыптарға мақала жазады, Республикалық немесе жергілікті телеарналарда эфирлік көрсетлімге қатысып, телерадио ресурстары арқылы қоғамда маңызы бар мәселелерге тоқталып, құқықтық мәдениетті арттыру мақсатында халыққа түсіндірме жұмыстарын жүргізеді.

Сондай-ақ, Алматы аудандық сотында ашық есік күндері мен дөңгелек үстелдер өткізіледі. Әрбір азамат сотқа келіп, құқықтық мәдениетін арттырып, өзін мазалап жүрген сұрақтарына жауап алуға құқылы.

Қазіргі кезде сот жүйесінде ашықтық принциптеріне үлкен көңіл бөлініп, үлкен қадамдар жасалуда. Бүгінгі күні сот жүйесінде құқықтың үстемдігі жағынан үлкен жетістіктерге жетіп отыр. Сот жүйесінің ашықтығы - азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін арттыратын бүгінгі күннің талабы.

 

Астана қаласы Алматы аудандық

сотының кеңсе меңгерушісі Тажимбетов Ғ.

 

zkadm
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: