Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Сығандар мүгедек-зейнеткерді қайыршы етіп, құлдықта ұстаған

Зейнеткерді құлдыққа қарсы «Альтернатива» белсенділер қозғалысы мен “Еріктілер” отряды құтқарып алды.

Фото : Stan.kz10 января 2018, 16:51

Сығандар мүгедек-зейнеткерді 3 жыл бойы тұтқында ұстап, қайыршылық жасауға міндеттеген. Бұл туралы «Альтернатива» белсенділер қозғалысының әлеуметтік парақшасында жазды, - деп хабарлайды Stan.kz.

Зейнеткерді құлдыққа қарсы «Альтернатива» белсенділер қозғалысы мен “Еріктілер” отряды құтқарып алды.

66 жастағы Валерий Швец 2017 жылдың желтоқсанында өзге де тұтқындағылармен босатылды.

Еріктілердің айтуынша, ер адам әбден қалжыраған күйінде табылған. Ол құтқарылғаннан кейін бірнеше күн бойы сөйлей алмай, айналасында не болып жатқанан түсінбеген.

Кейін, ер адам демалып, қайта қалпына келуі үшін Мәскеуге жіберілді. Жақын күндері зейнеткер «Альтернатива» қозғалысының еріктілерімен бірге отбасына барады. Жолға және тамағына кететін ақшаны қайырымды жандар жинап берді. Барлығы 40 мың рубль жиналды.

«НТА — Приволжье» агенттігінің хабарлауынша, зейнеткерді ұрлаған сығандар әлі де бостандықта жүр.

Еріктілердің айтуынша, олар зейнеткерді құтқарарда полицяға арыз жазған. Бірақ, бұл істе ешқандай өзгеріс жоқ.


Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии