Обнаружено блокирование рекламы на сайте

Уважаемые пользователи,

создатели сайта не желают превращать его в свалку рекламы, но для существования нашего сайта необходим показ нескольких баннеров.

просим отнестись с пониманием и добавить zakon.kz в список исключений вашей программы для блокировки рекламы (AdBlock и другие).

Қырғызстанда жұмыс үстелінде ұйықтап қалған шенеунік қызметінен қуылды

10 января 2018, 17:52

Расулбек Ташовтың жұмыс бөлмесінде екі адамның үстел үстінде ұйықтап жатқан видеосы әлеуметтік желіде тарап кетті.

Қырғызстанда Ұлттық статистикалық комитеттің басшылығы Ноокат ауданындағы мемлекеттік статистика бөлімінің жетекшісі Расулбек Ташовты қызметінен босатты, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі centralasian.org басылымына сілтеме жасап.

Мекеме баспасөз қызметінің хабарлауынша, қызметтік зерттеудің қорытындысына сәйкес, шенеунік «Мемлекеттік азаматтық және муниципалды қызмет жөніндегі» заңның «жұмысқа мас күйінде келу» деген 47-бабы бойынша жұмыстан шығарылған. Сонымен қатар, Расулбек Ташовтың орынбасары Шайырбек Арапов та қызметінен босатылды.

9 қаңтарда Расулбек Ташовтың жұмыс бөлмесінде екі адамның үстел үстінде ұйықтап жатқан видеосы әлеуметтік желіде тарап кетті. Үстелде арақтың бос бөтелкелерін көруге болады. Бірқатар БАҚ ұйықтап жатқан адам Ноокат аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы деп жазды. Бірақ Ош облысының ішкі істер басқармасы бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Ал Расулбек Ташов Азаттықтың қырғыз қызметіне берген сұхбатында бұл видеоны президенттік сайлаудан кейін қарсыластары оны қаралау мақсатында түсіргенін айтады.

«Мен бұл күні тек шырын іштім. Менің жауларым шырынға димедрол қосыпты. Видеоны мені қаралау мақсатында түсірген. Мен арақ ішпеймін», - деді Ташов.


Біздің қазақ тіліндегі жаңалықтар Facebook-та 

Если вы обнаружили ошибку или опечатку – выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите на ссылку сообщить об ошибке.

Комментарии
Загрузка комментариев...
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript или заблокирован сайт http://hypercomments.com
Добавить комментарий
Введите имя
Чтобы увидеть код начните набирать сообщение Введите код из 3 сим-волов, отображенных черным цветом. Язык кода - русский. обновить код
Новости партнеров
Загрузка...
Loading...