Лента новостей
0

Заңды күшіне енген үкімдерді орындау кезінде туындайтын өзекті мәселелер

zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 20.01.2018 02:11 Фото: zakon.kz

 Заңды күшіне енген үкімдерді орындау кезінде туындайтын өзекті мәселелер

 

 

Қазақстан Республикасының Қылмыстық-Процестік Кодексінің 470 бабына сәйкес бірінші сатыдағы соттың үкімдері, егер оларға шағым наразылық білдіру мерзімі өткен соң заңды күшіне енеді және орындауға жатады.

Соттың заңды күшіне енген үкімі мен қаулысы мемлекеттік органдардың жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, заңды тұлғалардың, лауазымды адамдардың, азаматтардың бәріне бірдей міндетті және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында бұлжытпай орындалуға жатады. Соттың үкімін, қаулысын орындамау қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады деп заңның өзінде көрсеткен. Бірақта осы аталған жауапкершілік құқық қорғау органдарында қандай дәрежеде өтіп жатқаны яғни орындалып жатқаны белгісіз. Себебі үкім заңды күшіне енген сәттен бастап заттай дәлелдемелерді жою немесе иелеріне қайтару жөніндегі жолдама хатпен қоса үкімнен үзіндіні үш күн мерзім ішінде тиісті орғандарға жіберіліп жатады, негізі заңға сәйкес бір ай ішінде орындалғаны жөнінде хат хабарлама сотқа келіп түсуі керек. Алайда орындалуы заң талабына сай емес, бір ай түгілі бір жылға тіпті одан да көп уақытқа созылады.

Сондықтан бір заттай дәлеледемені жоймағаны үшін немесе иесіне қайтармағаны үшін орғандармен айлап, жылдап ескерту хаттар жазылып жатыр.

Процессаулдық шығындарды мемлекет пайдасына аудару жөніндегі атқару парақтарының да орындалуы өте баяу. Қазіргі таңда электронды ақпарат жүйеге көшуге байланысты атқару парақтары электронды түрде жолданып жатыр. Бұл недәуір жұмысты жеңілдеткенімен де оңтайлы шешімін табып тез орындалып жатыр деп айтуға болмайды, себебі электронды құжаттың талап етуі бойынша барлық көздері толтырылып тіркеліп жөнелтіледі, бірақта жеке сот орындаушылардың ережесіне сай көптеген сұрақтары туындап атқару парақтарын қараусыз кері қайтарып, қағаз жұмысын көбейтуде. Сотталушының мүлкін тәркілеп мемлекет пайдасына аудару жөніндегі атқару парактарының тіпті жоғалып кеткені жөнінде акті де сотқа түсіп жатады. Осы тұрғыдан алғанда біз өзімізге берілген тиесілі жұмысқа немқұрайлықпен қарау деген сөз. Егерде құқық қорғау органдар, мемлекеттік мекемелер соттан келіп түскен іс қағаздарына тиянақты, нақты бір шешіммен кірісіп уақытылы орындалып жатса нұр үстіне нұр болар еді.

 

Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотының кеңсе меңгерушісі Г.Каснай

zkadm
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: