Лента новостей
0

«Би бол! Би болмасан - би түсетін үй бол!» ұғымында ұрпақ тәрбиелеп, ұлттық кодты сақтап қалу

zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 22.01.2018 23:54 Фото: zakon.kz

«Би бол! Би болмасан - би түсетін үй бол!» ұғымында ұрпақ тәрбиелеп, ұлттық кодты сақтап қалу

 

Еліміз тәуелсіздік алған күннен бастап өткен рухани-мәдени мұраларымызға, жаратушымыз ұлы бабаларымыздың өмірі мен қызметіне, құқықтық жүйемізге оң көзбен қарап, қадір қасиетін молынан түсінуге жол ашқан. Әрине, қазақ халқымыздың ертеден қалыптасқан өзіндік ел басқару жүйесі болған. Елдің басшысы-ханы, елімізді жаудан қорғаған батырлары, елдің сөзін сөйлеген билері мен шешендері болған.

 Тарих беттеріне сүйенетін болсақ, қазақ қоғамының бүкіл құқықтық әлемінде негізгі билік «Дала Заңының» құзырында болды. Ал оның қорының сақтаушысы, реформаторы және жүзеге асыратын күші - билер болған. Би, ең алдымен-сот. Бидің өзі де, билігі де түп тамыры халықтың тарихына байланысты. Сол себепті, ол беделді, дәстүрлі билік қатарында болды. Ғасырлар бойы қазақ халқының қоғамдық өмірінде әділеттілікті сақтау мен құқықтық қатынастарды дамытуда, құқықтық саяси сана мен мәдениеттің дамуына от ауызды, орақ тілді билер белсенді ықпал еткен. Шын мәніндегі би атанған кісілер-қазақ халқының тарихында қайталанбас ерекше, біртуар тарихи тұлғалар, өз заманында халық би деп танығандар-шешендігі мен әділдігі зор қоғам қайраткерлері еді.

 Билер тарихымызды түсініп, салт-дәстүрімізді толығымен сіңіріп, еліміздін жағдайын және қасиеттерін біліп, ой қорытқан. Ғылымнан, білімнен хабардар болып, пайымды пікірлер айтарда соларды салыстырмалы түрде пайдаланып, қанатты сөздерді ел жадында қалдырған. Билер ерекше қабілет иесі болған. Олар адамның жан дүниесін түсіне білген. Себебі би адамның жан-дүниесін терең түсіне білмесе ақ пен қараны айыра алмауы мүмкін. Екі жақтың биі болып қарсы пікір таластырғанда, төбе би болып шешім шығарғанда ешкімнің де ар-намысына тимей, ұсақ-түйек кемшіліктерін теріп тізбей, шыққан тегін кінәламай, тең ұстап сөйлесу, сезіміне әсер ету психолог -биге тән қасиет.

 Сонымен қатар билердің тағыда айта кететін ерекше қабілетінің бірі тәлімгерлік және тәрбиешілік. Олар әлсіздің жоғын жоқтап, қорлық, зорлық, көргендерді қорғап, халықты имандылыққа, адалдыққа, әділдікке, тәртіпке шақырған билер өзінен кейінгі ұрпақтың да ел ұйытқысы болғанын қалағаны ақиқат. Олар өз балаларының бірін немесе елдегі көкірегінде көзі бар жастардың бірін би болуға, ел басқару өнеріне баулып тәрбиелеген, соған шақырған.

Қазақ даласындағы құқықтық ережелердің қолданылу тарихы терең және оның өзіндік қайталанбас ерекшеліктері бар. Онда туындаған әдет-ғұрып нормалары ұлттық сана сезімнің көрінісі әрі құқықтық мәдениеттің іргетасы болды. Қазақ халқы үшін ар-ождан қашанда қымбат, «малым жанымның садағасы, жаным арымның садағасы» деген сөзге бас иген. Қазақтың әдет-ғұрып нормалары адамгершілік қасиеттерге тұнып тұруы да сондықтан.

Қазақ халқы үшін әділдіктің тең таразысы бола білген билер қоғам өмірінің саяси-құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, әскери-дипломатиялық салаларына тығыз араласып, елі бірлігі мен ынтымағын нығайтуға үлестерін қосты.

Сол себептен, қазіргі таңда, от ауызды, орақ тілді би-шешендерімізден қалған мәдени мұраларымызды көздің қарашығындай, ұлттық код ретінде сақтау, жаңасымен жаңғыртып отыру, жаңа буын, жас ұрпаққа оларды үлгі ету бүгінгі таңдағы барлығымыздың міндетіміз.

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың мақаласында да еліміздің тұрғындарын рухани жаңғыру арқылы болашаққа бағдар жасауға талпынуға бағыт-бағдар сілтейді.

Осы ұғымды дұрыс түсінер болсақ, қазіргі жастарға, артымыздан еріп келе жатқан ұрпаққа, Елбасымыздың рухани жаңғыру туралы және ұлттық код туралы мақаласы аясында мәліметтерді жалпақ тілмен дұрыс жеткізу, ол әр мекеменің, әр отбасының, тіпті әр адам баласының міндеті деп тану қажет.

«Хан болсын, ханға лайық заң болсын,

Батыр болсын, жорық жолы мақұл болсын.

Абыз болсын, абыз сайлау парыз болсын,

Би болсын, би түсетін үй болсын» - деген ұғымда қазіргі жастарды тәрбиелеу, ол тек имандылық пен адалдыққа, білім мен парасаттылыққа ғана емес, жастарымыздың дұрыс кәсіп таңдай білу, ол арқылы адал еңбек етіп, болашақта өздерінің тұрмыс тіршілігін жақсартуға, басшы немесе би болмаса да, би түсетіндей үй болуға ат салысу қажет, яғни әрбір қазақ баласы әлеуметтік жағдайын жақсартып, ерінбей адал еңбек етіп, Қазақстанның атын Әлемге жақсы жағынан көрсетуге ниет білдірген жөн.

Денсаулықтың қадірін аманат ретінде жас кезден бағалай біліп, сол арқылы ұлттық кодымызды сақтауға үлес қосып, қыздарымызды инабатты да көркемді етіп, ал ұлдарымызды иманды да намысты етіп тәрбиелеуіміздің өзі үлкен жетістік.

Болашақ ұрпаққа тарихымыздағы ұлы батырлармен, би-шешендердің өмір баяның, олардың тұрмыс тіршілігін, адалдығы мен турашылдығы туралы көп мәліметтер айтып, жастарымыздың санасына сіңдіріп, жастарымыз батыстағы жұлдыздарға емес, ақылды да парасатты болған ата-бабаларымызға еліктеуі қажет.

Әрине, міндетті түрде өсіп келе жатқан ұрпағымыз сапалы да, тиімді білім алу керек, алған білімдеріне өмірде амал етуге, адал еңбек атқаруға барынша жағдай жасағанымыз жөн.

Әр қазағым жалғызым дегендей, әрбір азамат бізге қымбат. Қазақ халқы ежелден қандай ұлт азаматы болмасын, жетім шесірлерге, тұрмыс жағдайы нашар жандарға, арқашанда қол ұшын беріп, барынша көмектесіп отырған.

Қазіргі заманда да, тұрмыс жағдайы нашар отбасыларға көмек беріп, оларды өз қамқорлығына алып, балларын оқытып, жастарын жұмысқа орналастырып, тиісті көңіл бөліп жүрген қаншама жүрегі кең алтын ағаларамызбен бауырларымыз бар.

Осындай кең жүректі ағаларымыздың әлеуметтік шараларға көңіл бөлуі, біздің текті ата-бабаларымыздың, ақылды да парасатты би-шешендерімізден тараған ұрпақтар, өзінің тектілігін көрсетіп, ұлттық кодымызды сақтап, оны ары қарай рухани жаңғыртып келе жатыр.

 

 

Астана қаласы бойынша

мамандандырылған ауданаралық

әкімшілік сотының судьясы К.С.Иманалиев

 

 

zkadm
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: