Лента новостей
0

Қазақстанның сот жүйесі: басымдықтары, жаңалықтары мен жаңғырту келешегі

zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 22.01.2018 23:53 Фото: zakon.kz

 Қазақстанның сот жүйесі: басымдықтары, жаңалықтары мен жаңғырту келешегі

 

Еліміздің егемендік алуы нәтижесінде, Қазақстанның бүкіл әлемдік құқық қолдану кеңістігіне шығуы, халықаралық экономикалық қатынастар шеңберінде атқарылып жатқан шаралар республикамыздың сот жүйесіне өзгерістер енгізудің алғы шарттары болды. Бүгін, мемлекеттік биліктің дербес саласы - сот билігінің Қазақстанның саяси өміріндегі орны мен маңызы туралы толғанбай айту мүмкін емес.

Қазақстан Республикасындағы сот жүйесінің бүгіні мен болашағы, мемлекетімізде жүргізіліп жатқан сот жүйесінің жетістіктері туралы әңгіме қозғағанда, біз, ең алдымен, өз қызметін демократиялық принциптерге, халықаралық құқықтық қағидаларға негіздейтін тәуелсіз сот жүйесінің қалыптасқанын, біз таңдаған сот жүйесінің тек қоғам мен азаматтың мүдделері үшін қызмет жасайтынын тағы да бір қайталап айтқым келеді.

Сот беделінің жоғары болуы тек сот төрелігін жүзеге асыратын органдардың немесе судьялардың белсенділігіне ғана емес, сонымен қатар қылмыстық қудалаушы, яғни анықтау және алдын ала тергеу жүргізетін органдардың, айыптаушы мен қорғаушының, азаматтардың құқықтық сауаттылығына тікелей байланысты.

Сот билігінің беделі, бұл тек құқықтық қана емес, сонымен қатар қоғамдық құбылыс, яғни сот билігінің беделі әрбір азаматтың мінез- құлқының, заңды сыйлау және орындау қабілетінің, лауазым иелері мен басшылардың әрекетінің (әрекетсіздігінің), ұйымдар мен мекемелердің өз қызметтерін заң талабына сай жүргізуінің нәтижелеріне байланысты екенін ескерсек, осы айтылған құбылыстар қоғамдық қатынастардан туындап, құқықтық қатынастармен реттелетінін ескерсек, сот билігінің қоғамдағы орны айқын байқалады.

Саяси билік институттарының ішінде сот билігіне ерекше назар аударылып, ерекше көңіл бөлінуі тиіс, осы билікті жүзеге асырушы біздер, судьялар, ерекше құрмет пен беделге ие болуға тиісті деген ойдан аулақпын. Керісінше, демократиялық принциптерді басшылыққа алып дамып келе жатқан қоғам мен мемлекетте сот билігінің, судьялардың орны мен беделі заңдылықтың сақталуына, азаматтар мен ұйымдардың, мекемелердің құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудің дәрежесіне байланысты бағалануы тиіс. Сондай-ақ, сот билігінің беделін арттыруға:

-судьялардың тіл туралы заңдарды негізді пайдалану тәжірибелері;

-бұқаралық ақпарат құралдары арқылы соттардың қызметіне әділ қоғамдық баға беру нәтижелері;

-судьялыққа үміткерлер арасынан лайықты азаматтарды таңдау және дайындау жұмыстары, тағы сол сияқты ұйымдастыру және жоспарлау шаралары тікелей әсерін тигізеді. Біз, әрбір судьяның әрекеті, мінез-құлқы сот билігі беделіне ықпал жасайтындығын, ал сот билігі мемлекеттік билікке жататындығын толық түсінеміз. Сондықтан заң талабын қатал сақтай отырып, әділдікті жүзеге асыру, соттардың беделі мен абыройын көтеру, сот жүйесін жетілдіру, судьялардың тәуелсіздігін нығайту - бүгінгі күннің басты саяси талабы екенін естен шығармауымыз қажет.

Сот жүйесі құқықтық мемлекеттің ең негізгі органдарының бірі болып табылады. Сондықтан бұл сот билігі әрбір құқықтық мемлекеттің Ата заңында көрсетілуі тиіс. Қазақстан Республикасы өз егемендігі туралы 1990 жылы 25 қазанда қабылданған Декларациясында мемлекеттік билікті тармақтарға бөле отырып, сот билігін осы биліктің бір тармағында қалыптасқандығын көрсетеді. Сөйтіп, Жоғарғы Кеңестің тоғызыншы сессиясында тұңғыш рет өз егемендігін алғаннан кейін 1993 жылы 28 қаңтарда Қазақстан Республикасының Конституциясын қабылдады. Бұл Конституцияда сот билігін белгілей отырып, оны жүзеге асыру тетігін нақтылы белгіледі.

Республикамызда жүргізіліп жатқан реформалық жаңалықтардың жемісі ретінде - елімізде тәуелсіз, тек азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды басты мақсат етіп қойған, жаңа нарықтық қатынастардан туындайтын даулардың барлық түрін әділетті де заң жүзінде шешуге қабілетті жаңа сот жүйесінің құрылғанын және тұрақты қызмет істеп жатқанын атап айту керек. Өзінің құқықтық бастауын Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясынан, 12 ақпан 1994 жылғы Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы құқықтық реформаның мемлекеттік бағдарламасы туралы» қаулысынан, аталған құжаттарда көрсетілген негізгі концепцияларды ары қарай дамытқан - еліміздің 1995 жылғы қабылданған Конституциясынан, сол сияқты «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» 25 желтоқсан 2000 жылғы Конституциялық заңынан алатын, тәуелсіз елдің халқы мен мемлекетінің мүддесі үшін қызмет ететін тәуелсіз, дербес сот жүйесін құруға бағытталған реформалық шаралар кең көлемде жүзеге асырылып келеді.

Сот жүйесінің Қазақстан Республикасында қарқынды дамып, кейбір шаралардың азаматтық қоғамға пайдасы тиіп, жемісін бере бастағаны нақты шындық. Біздің алдымызда тұрған бүгінгі міндетіміз — қол жеткен табыстармен шектелмей, терең толғанып, сабырлы ойланып, соны ізденіс-тердің жолын қарастырып, жіберілген кемшіліктерді жойып, алға, болашаққа қарай қадам басудың құқықтық мүмкіндіктерін бағдарлау болып табылады. Соттардың қызметіне құқықтық және қоғамдық баға берген кезде, субъективтік пікірлермен қатар, кейбір объективті жағдайлар да ескерілуі тиіс деп ойлаймын.

Сонымен демократиялық қоғамдастықтағы кең ауқымды сот жүйесін дамыту еліміздің басты басымдықтарының бірі болып саналады. Біздің сот жүйесі дала демократиясынан тамыр тартуда.

Елбасы сот жүйесіне халықтың сенімін нығайту үшін соттардың актілері әділ және заңды болуын талап етті.

Сот реформасының мақсатына жетуі жоғары кәсіби және ар-ождан талаптарына жауап беретін тиімді судьялар корпусын қалыптастыруды қажетсінеді.

Қазақстан Республикасының Конституциясында белгіленгендей, Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады және оның ең қымбат қазынасы -адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп көрсетеді. Республикада мемлекеттік билік біртұтас, ол конституция мен заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөліну, олардың тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы, өзара іс-қимыл жасау принципіне сәйкес жүзеге асыруда.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Конституциясы мемлекеттік органдар жүйесінің ішіндегі сот жүйесінің рөлін кеңейтіп көрсете отырып, оның сот құрысындағы және сот әділдігіндегі негізгі қағидаларын анықтайды және сот әділдігін жүзеге асырудағы судья тәуелсіздігінің кепілі болып табылады деп айта аламыз. Жалпы белгіленген қағидаларға сүйене отырып, демократиялық және құқықтық мемлекет құру импульсі арқылы елімізде демократиялық құрылым бекітілді. Демек, ол үшін алдымен біз мемлекетіміздің барлық құқықтық жүйесін реформалау арқылы республикамыздың сот жүйесінің беделін көтеруіміз керек.

Негізінен көптеген ойлар мен ұсыныстар айтуға болады Меніңше, ең маңыздысы және сот жүйесін жаңғыртудағы басты мақсат - сот жүйесінің халықтың сенімінен шығуына қол жеткізу.

Кеңестік дәуір кезінде судьяға өзі шығарған сот актілерін қорғауы үшін жоғары тұрған сот сатысына ұсыныс беруіне іс жүргізу заңнамасымен құқық берілген болатын. Осы норманы қайтадан оралту керек деп ойлаймын. Жоғарыда айтылғандай, сот жүйесін реформалау кезінде Судья әдебі комиссиясына, Сот жюриіне үлкен жауапкершілік артылады. Бұл органдарға судьяларды сайлау кезінде дауыс беру жасырын түрде жүргізілуі, сонымен қатар кассациялық алқаға да судьялар жасырын дауыс беру жолымен екі жылдан кем емес мерзімге сайлануы тиіс.

Судьялар БАҚ арқылы немесе басқалай әдістермен жиі негізсіз сынға, тіпті кейде табалауларға дейін ұшырап жүр. Бұндай жағдайда судьяларға қайда барып шағым айтуға болады? Судья өзінің әріптесіне аяқтай баруы керек пе? Бұл онша әдепті бола қоймас еді және керағар пікір туғызуы мүмкін. Өйткені судьялар мемлекет атынан әрекет етеді. Осыған орай бұндай жағдайда Судьялар одағы судьяның ар-ұжданы мен намысын қорғау бағытында шара қолданғаны дұрыс дер едім. Бұл БАҚ арқылы мәліметтерді теріске шығару немесе сотқа талап арыз сипатында болуы мүмкін.

Халқымызда «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген қағида бар. Мұның мағынасы билік айтушы ешкімді алаламайтын адал, қара қылды қақ жарған әділ болуы керек дегенді білдіреді. Мемлекетімізде ұлттық сот жүйесі тек әділдікке негізделіп, заңға ғана бағынатын заман талаптарына сай қалыптастырылды. Құқық жоқ жерде бостандық та, демократия да жоқ. Бір кездері Монтескье адамзат үшін сот әділдігінен маңызды ештеңе жоқ, өйткені адамдардың және басқа нысандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін соттан гөрі сенімдірек құралды адамзат әлі ойлап тапқан емес, деген екен. Сондықтан, да соттар қызметінің заңдық ғана емес, сонымен бірге саяси да мәні зор.

 

 

Астана қаласының мамандандырылған

ауданаралық әкімшілік сотының

бас мананы сот

отырысының хатшысы А.Жанабеков

 

 

 

zkadm
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: