Лента новостей
0

Алаяқтық аздырар адам баласын, тоздырар тағдыр баласын!

zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 24.01.2018 18:13 Фото: zakon.kz

Алаяқтық аздырар адам баласын, тоздырар тағдыр баласын!

 

Қазіргі таңда елімізде алаяқтыққа қарсы күреске бағытталған жұмыстар жанданып, жаңа сатыға көтерілгені дау тудырмаса керек. Мұның негізгі себебі қоғамның бүгінгі келбетіне қарап, қазақтың «Біреудің ала жібін аттама» дейтін тәрбиелі сөзінің аяқ-асты болғанына көзіміз жете бастағандай.

Тіпті, бүгінгі күні алаяқтық жағдайлар тіркелгенімен қоймай, мұндай қылмыстық құқықбұзушылықтардың түрлі әдіс-тәсілдері пайда болды. Ол, айтып кетсек «Кезексіз пәтер алып беремін», «банктен үлкен сомада несие алуға көмектесемін», «жер алуға жәрдемдесемін» деген секілді уәдені үйіп-төгетін алаяқтар азаматтарды оңай қақпанға түсіреді. Онсыз да үй алуға кезегі жетпей жүрген кейбір жандар мұндай ұсыныстан қалай бас тартсын?! Кейбірі еш ойланбастан, әлгі алаяқтардың сөзіне сеніп, қолына сұраған қаражатын ұстата салады. Олардан еш құжат та талап етпейді. Ал олардың алаяқ екендігін тек соңғы сәтте ғана ұғынып, құқық қорғау орындарынан көмек сұрап жатады.

Нақты қылмыстық істерден мысалдар келтірер алдында, қысқаша түсіндіре кетсек дұрыс болады. Алаяқтық кезіндегі алдау көрінеу болмаған фактілерді болды деп жалған мәлімдеуден не істің мән-жайлары бойынша меншік иесіне не мүлік иесіне хабарлануға тиісті фактілерді жасырудан көрінуі мүмкін. Алдау кінәлі адамның шын мәнінде алдау ниетінің болуына, сондай-ақ тауардың көлемі мен сапасына, қылмыс субъектісі болып табылатын адамның жеке басына және жәбірленушіні адастыратын басқа да мән-жайларға қатысты болуы мүмкін. Алаяқтық кезінде алдау ауызша да жазбаша да болуы мүмкін. Алаяқтық кезінде жалған құжаттарды пайдалану алдаудың бір түрі болып табылады. Алаяқтық кезінде сенімді асыра пайдалану жолымен кінәлі өзі мен меншік иесі немесе мүліктің өзге де иесі арасындағы сенімділік қатынастарды пайдалана отырып, оны алдайды не адастырады.

 Қандай да бір міндеттемені орындау шартымен мүлікті алу, егер кінәлі осы мүлікті алған сәтте-ақ оны иеленгісі келген ойы болған және қабылдаған міндеттемені орындауға ниеті болмаған жағдайда, алаяқтық ретінде саралануы мүмкін.

Еліміздің азаматтарын алдап соғу деректерінің тағы бірі криптовалютаға қатысты алаяқтықтың пайда болуы.

Мәселен, Астана қаласында азамат Б. 2017 жылы нарықтағы бағадан арзан бағамен орталықсыздандырылған виртуальды валюта - биткоин сатамын деп интернет желісіне хабарландыру берген. Ал мұндай мүмкіндікті қалт жібермеуге тырысқан екі азамат өздері танымайтын азаматқа сұраған ақшасын беруге келіскен. Өзінің іс-әрекетін әшкерлемеу мақсатында алаяқ азамат өзінің ноутбугы арқылы биткоин криптовалютасын олардың интернет амиянына аударғанның алдап көрсетіп, ақшалай қаражаттарын жымқырып алған.

 

Алаяқ адам алдау үшін түрлі айла-тәсілдер ойлап табады. Ығына жығылған кез келген кісінің қолындағысын қағып кетуге дайын тұрады.

Әдетте алаяқтар адамдардың жеңіл пайда табу, бір нәрсеге оңай әрі тез қол жеткізуді көздейтін қасиеттерін пайдаланады. Ал азаматтар мұндай алаяқтарға алданбаймын десе де, ондай алаяқтардың қармағына қалай түсіп қалғандарын байқамай қалады. Қалай десек те, қазір қоғамда алаяқтардың жолы болып-ақ тұр.

Сондықтан азаматтардың алаяқтардың арбауына түспей қырағылық таныта білуі манызды. Осыған байланысты келесі кеңестерді ескере жүру қажет.

Жылжымайтын мүлікті сату және сатып алу кезінде барлық іс-шараларды, сондай-ақ ақшалай қаражаттарды қарызға алуды тек нотариус арқылы рәсімдеу қажет. Келісім-шарттың барлық тармақтарын мұқият оқу керек. Келісімнің барлық ережелерімен келіскенше және түсінікті болғанша ешқайда қол қоймай, түсініксіз болса түсіндіруді өтініп, егер де келісім-шартың қандай да бір тармағы жазбаша көрсетілмесе, тек ауызша болса, онда сол тармақты жазбаша ендіруін сұрау, әрқашанда адамдар мен заңды тұлғалардың мекенжайын, телефонын және басқа да байланыс түрлерін нақтылау, ол туралы интернет ресурстары арқылы анықтама алу қажет.

Алаяқтың арбауына түсіп, жиған дүние мүлкіңізден бір күннің ішінде айрылып қалғыңыз келмесе, өздеріңіздің әрекеттеріңізге жауапты болғандарыңыз абзал.

 

Есіл ауданының №2 аудандық сотының судьясы

Қанат Тобағалиұлы

 

zkadm
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: