Горячие новости
Читайте также

Төлешовтің асылтұқымды жылқыларының болашағы белгілі болды

Сәйгүліктердің төртеуі асылтұқымды саналады.

Фото : otyrar.kz30 января 2018, 15:06

Шымкентте бұрынғы сыра королі, қазіргі кезде түрмеде жазасын өтеп жатқан Тоқтар Төлешовтен тәркіленген 24 жылқы ОҚО ұлттық спорт түрлері бойынша мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебіне берілді, деп хабарлайды Отырар арнасы.

Ипподром директоры Ғани Ахметбаевтың айтуынша, сәйгүліктердің төртеуі асылтұқымды саналады. Оларды спорттың конкур түріне бейімдеп, түрлі жарыстарға қосу жоспарланып отыр. «Біз алдымен байқап көріп, жаттығулар жүргізетін боламыз. Кейін балалар оларды мініп, үйренетін болады. Мәселен, Эластик есімді ағылшын-тракенен тұқымды тұлпарға зор үміт артып отырмыз.

Бұл жылқы Азия біріншілігінде жеңіске жеткен, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы атағына ие болған. Мамандардың бағалауынша, сәйгүліктердің бағасы 600 мыңнан 2,4 миллион теңгеге дейін.


Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии